«Басыма ешкім көк тас орнатпайды». Дана Нұржігіт жұмысқа қатысты оқиғасын айтып берді

Дана Нұржігіт өзін бірінші орынға қоюды түсінгенін айтты

Сабина Асқарқызы

  • 13.09.2024

Танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт өзіне жүктелген жауапкершіліктен денсаулығына байланысты бас тартқан. Ол басына түскен оқиғасын оқырмандарына баяндап берді, деп хабарлайды Malim.kz.

"Жатар алдындағы ойлар ғой… Кеше өзім үшін үлкен жаңалық болған оқиға басымнан өтті. Бұрын соңды жасамаған ісім. Үлкен форумға қатысуым керек еді. Таңертең басымды көтере алмай, дел-сал боп ояндым. Алда қандай күн болатынын біліп, ұйымдастырушыларға телефон шалдым. Шынымды айттым. Басым солқылдап, жүрек айнып, жағдайымның болмай тұрғанын. Телефон арғы жағындағы адам мені "естімеді", - деп жазды ол.

Дана Нұржігіт өзінің осы әрекетін құптайтынын, ең алдымен өзін бірінші орынға қоюды түсінгенін айтты.

"Түсінемін, бәрі ең алдымен өз жағдайын ойлайды ғой. Мен алдын ала ескерткенім дұрыс дегенім жайына қалды. Сенің хәліңді ойлайтын ешкім жоқ екен. Осы кезде мен өмірімде жасамағанымды жасадым. Не болса да,эфир үшін жан пида деуші едім бұрын,сөз бердің бе, өл,тал-жаса дейтін едім! Осы жолы отырған орнымнан тапжылмай, солқылдаған басымды орап алып, бүк түсіп жатып алдым. Мұндай "Дананы" мен өзім де жаңа көріп тұрмын! Менің жан ұшырып жүгіргенім үшін, басыма ешкім көк тас орнатпайды. Өмірі өзегім талып шапқылаймын да жүремін.Тұра алмай жатырмын дегенді еститін құлақ жоқ. Осы жолы мен өзімді таңдадым! Айттым бітті! Қазір! Дәл қазір мен өзіме керекпін! Алдымен өзімді жарылқап алайын дегенім айып емес шығар?! Біреуге қуат беру үшін, өзің жанып тұруың керек. Тәнің ауырып, жаның қуыс боп тұрса, неңді бересің?! Мұндай кезде тек өзіңді таңда дедім өзіме! Осыдан кейін,білесіз бе, тіпті баяғыда өзімді өзім жеп қоя жаздайтын кеудеңдегі құрт та өліп қалғандай, тым тырыс болды да қалды.Айыпты болдым, ұят болды-ау деген ой да келмеді. Мен "жоқ" дей алатын болыппын. Өзімді таңдайтын болыппын деп рахаттанып қалдым! Кім не ойлайды деген "азаптан" азат болғаннан артық не бар", - деп жазды тележүргізуші. 

Байланысты жаналықтар

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

05.05.2025

«Аллаға тапсырдым»: Ақбота Керімбекова жеке өміріндегі сәтсіздік туралы айтты

29.04.2025

Динара Сәтжанның құны 150 млн теңгелік неке жүзігі қызу талқыға түсті

28.04.2025

«Бұл ақпаратты кім таратып жатқанын білемін»: Асхат Садырбай неліктен сотқа жүгінгенін түсіндірді

18.04.2025

Асхат Садырбай бұрынғы әйелінен 1,5 млн теңге талап етті

17.04.2025

Жақында ғана тұрмысқа шыққан Диана Скатова неліктен хейтке ұшырағанын айтты

17.04.2025
MalimBlocks
«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

Ардақ Назаров ажырасқан адамдарға арнайы жарна төлетуді ұсынған

«Аллаға тапсырдым»: Ақбота Керімбекова жеке өміріндегі сәтсіздік туралы айтты

Өнер иесі бәрін кешіргенін алға тартты.

Динара Сәтжанның құны 150 млн теңгелік неке жүзігі қызу талқыға түсті

Ал образы 236 млн теңгеге жуықтаған.

«Бұл ақпаратты кім таратып жатқанын білемін»: Асхат Садырбай неліктен сотқа жүгінгенін түсіндірді

Ол көпшілікті жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды.

Асхат Садырбай бұрынғы әйелінен 1,5 млн теңге талап етті

Оған қоса әйелінен кешірім хатын сұратып отыр

Жақында ғана тұрмысқа шыққан Диана Скатова неліктен хейтке ұшырағанын айтты

Көпшілік оның таңдауын құптамаған көрінеді.