Асхат Садырбай бұрынғы әйелінен 1,5 млн теңге талап етті

Оған қоса әйелінен кешірім хатын сұратып отыр

Сабина Асқарқызы

  • 17.04.2025

«Астарлы ақиқат» бағдарламасының жүргізушісі Асхат Садырбай өзінің бұрынғы жұбайы Айғаным Болатқызына қарсы сотқа талап арыз түсірді. Алматы қалалық азаматтық істер жөніндегі сотта қаралып жатқан бұл іс қоғамның назарын аударып отыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Талап арызда көрсетілгендей, тележүргізуші бұрынғы әйелі Instagram, TikTok, YouTube және Facebook әлеуметтік желілерінде оның жеке өмірі мен ар-намысына қатысты жалған мәліметтер таратқанын алға тартады.

«Физикалық қысым көрсетті, бала үшін сотқа сүйреді, қорлық көрсетті» деген мәлімдемелер шындыққа жанаспайды әрі бұл жеке өмірге қол сұғу деп есептелуі тиіс», – делінген талап арыз мәтінінде.

Асхат Садырбай соттан мынадай талаптарды қанағаттандыруды сұраған:

Әлеуметтік желіде жарияланған мәліметтерді жалған деп тану;

Кешірім сұраған аудио немесе бейнежазбаны жариялау;

Жазбаша кешірім хатын ұсыну;

1 500 000 теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеу;

Кешірім жазбасының көшірмесін «Астарлы ақиқат» редакциясына беру.

Айғаным Болатқызы бұл процестің ашық түрде өткенін қолдайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, БАҚ өкілдері сотқа қатысып, істің әділ және жария өтуіне ықпал етуі тиіс.

Сот ісі 2025 жылдың 21 ақпанында басталып, Алматы қаласының азаматтық істер жөніндегі сотында қаралуда.

Фото: әлеуметтік желі

Байланысты жаналықтар

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 12-ші хат

19.04.2025

Экс-судья Светлана Жолманова сотқа келмей қойды

18.04.2025

Блогер DARICORN-ның басы дауға қалды: Министрлік ресми мәлімдеме жасады

18.04.2025

«Бұл ақпаратты кім таратып жатқанын білемін»: Асхат Садырбай неліктен сотқа жүгінгенін түсіндірді

18.04.2025

Үш көлікпен келген адамның немеремді теппегені жоқ – Шерзат Болаттың әжесі

18.04.2025

Екі жасөспірім Украинадағы соғыс туралы видео үшін сотталды

17.04.2025
MalimBlocks
«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 12-ші хат

Күнi eртeң oлар мұнай, алтын, фoсфoр, мыс сeкiлдi сапасы да, бағасы да жoғары өнiмдeрдi жанын салып өндiрe бастаған сoң (oларға жeңiлдiк мoл) шаш-eтeктeн байлыққа батады. Eртeң oл кeн oрындарының қазынасын түгeл қoпарып, суалған сиыр сeкiлдi қаңыратып кeтпeсe бoлды.

Экс-судья Светлана Жолманова сотқа келмей қойды

Алаяқтық бойынша айыпталған судьяның Бауыржан Байбектің әйелі екені айтылады

Блогер DARICORN-ның басы дауға қалды: Министрлік ресми мәлімдеме жасады

Әлеуметтік желілерде баласының құқықтары бұзылғанын мәлімдеген ананың видеоүндеуі тарады

«Бұл ақпаратты кім таратып жатқанын білемін»: Асхат Садырбай неліктен сотқа жүгінгенін түсіндірді

Ол көпшілікті жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды.

Үш көлікпен келген адамның немеремді теппегені жоқ – Шерзат Болаттың әжесі

Екі жасөспірім Украинадағы соғыс туралы видео үшін сотталды