«Бұл ақпаратты кім таратып жатқанын білемін»: Асхат Садырбай неліктен сотқа жүгінгенін түсіндірді

Ол көпшілікті жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды.

Сабина Асқарқызы

  • 18.04.2025

Танымал журналист Асхат Садырбай жеке өміріндегі келеңсіздікке қатысты жауап берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Жеке өмірімдегі сәтсіздіктердің болғанын жасырмаймын. Ол туралы талай айтқанмын. Менің қандай әке екенімді балаларым біледі. Ал қандай жар болғаныма қатысты үлкен арнаның эфиріне оралғалы осы бір жағымсыз ақпарат басылар емес. Мен тіпті бұл ақпаратты кім, қалай таратып жатқанын да білемін. Бұл ақпарат шықпай тұрып тіпті маған әріптестер арқылы ескерту де келген. Кім не десе о десін. Ұлдарым өсіп келе жатқандықтан артық әңгіме айтпаймын. Мен тек өзімнің құқығымды қорғаймын деп шештім. Сол себепті де заңға жүгіндім, деп жазды журналист.

Сондай-ақ Садырбай сотқа да шарасыздықтан жүгінгенін жасырмады. 

Сотқа қайырылмауыма болмады. Ешкім ешкімді соттайын деп жатқан жоқ. Ешкім «Астарлы ақиқатқа» ақша өндіруді сұраған жоқ! Жеке өмірімді жұмыспен байланыстырып, сот арқылы ток шоуға ақша өндіргелі жатыр деген тапсырыс посттарды кейбір «блогерлер» жазыпты. Бұның бәрі жалған сөз, жалған ақпарат. Аяқталмаған сот туралы жалған ақпарат таратқан азаматтар мен басылым беттеріне сотқа дейінгі арыз жолданды. Сіздерден өтініш, ешқандай жалған ақпараттарға сенбеулеріңізді сұраймын, деп жазды медиа маманы.

Еске салайық, Асхат Садырбай бұрынғы әйелін сотқа беріп, 1 миллион 500 мың теңге талап етіп отырғанын жазған едік

Фото: instagram.com/askhatsadyrbay

 

Байланысты жаналықтар

Экс-судья Светлана Жолманова сотқа келмей қойды

18.04.2025

Үш көлікпен келген адамның немеремді теппегені жоқ – Шерзат Болаттың әжесі

18.04.2025

Екі жасөспірім Украинадағы соғыс туралы видео үшін сотталды

17.04.2025

Шерзат Болаттың ісі: Айыпталушылар кінәсін мойындамады

17.04.2025

Асхат Садырбай бұрынғы әйелінен 1,5 млн теңге талап етті

17.04.2025

Шерзат Болат оқиға түні қандай жарақат алған?

17.04.2025
MalimBlocks
Экс-судья Светлана Жолманова сотқа келмей қойды

Алаяқтық бойынша айыпталған судьяның Бауыржан Байбектің әйелі екені айтылады

Үш көлікпен келген адамның немеремді теппегені жоқ – Шерзат Болаттың әжесі

Екі жасөспірім Украинадағы соғыс туралы видео үшін сотталды

Шерзат Болаттың ісі: Айыпталушылар кінәсін мойындамады

Асхат Садырбай бұрынғы әйелінен 1,5 млн теңге талап етті

Оған қоса әйелінен кешірім хатын сұратып отыр

Шерзат Болат оқиға түні қандай жарақат алған?

Шерзат Болаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша басты сот талқылауы басталды,