Биылғы су тасқыны: азаматтарға көрсетілген әлеуметтік көмек

Malim Админ

  • 25.12.2024

2024 жылғы су тасқыны елімізде соңғы 80 жылда орын алған ең ірі су тасқыны болды. Мыңдаған адам баспанасыз қалды, апат салдарынан қираған инфрақұрылым ауқымды қалпына келтіру жұмыстарын қажет етті. Алайда, мемлекеттік құрылымдар, гуманитарлық ұйымдар мен жеке сектор арасындағы нақты үйлестіру мен үйлестірілген жұмыс нәтижесінде Үкімет апаттың салдарын барынша азайтып, зардап шеккендерге жедел көмек көрсетті.

Азаматтарға қандай көмек көрсетілді

Үкімет тарапынан 2024 жылғы су тасқыны салдарынан мүлкі зақымданған азаматтарға жан-жақты көмек көрсетілді. Өңірлерде тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар және инфрақұрылым салу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Мәселен, 36 455 отбасына жалпы сомасы 13,3 млрд теңге, 100 АЕК мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді. 21 876 отбасына 9,9 млрд теңге көлемінде 150 АЕК-ке дейінгі өтемақы төленді. Биыл төтенше жағдай жарияланған су басқан аймақтарда атаулы әлеуметтік көмек төлеу отбасылардың материалдық жағдайын жергілікті комиссияның тексеруінсіз автоматты түрде ІІІ тоқсанға ұзартылды. Мұндай шешім нәтижесінде 3,6 мың отбасына 655,7 млн теңге көлеміндегі АӘК төлемі тағайындалды.

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде комиссиялар азаматтардың жалғыз баспанасы болған 19 359 су басқан үй мен саяжай құрылыстарын тексерді. Оларды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында жылжымайтын мүлік нарығынан 5 767 тұрғын үй сатып алынды. Жөндеу жұмыстары 9 156 үйде 100% аяқталды. Бұл мақсаттарға барлығы 54,7 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ қысқа мерзімде 64 млрд теңгеге халық үшін 2 680 жеке тұрғын үй салынды.

Биыл Үкімет резервінен 42,5 млрд теңге бөлінді. Оның 400 млн теңгесі зардап шеккен отбасыларға Қостанай облысының Арқалық қаласынан 31 пәтер сатып алуға бағытталды. 1,4 млрд теңге – Қостанай облысының Арқалық қаласындағы, Амангелді және Жангелді аудандарындағы «Қостанайюжэлектросервис» КМК электр желілерін қалпына келтіру бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізуге; 1,1 млрд теңге – Батыс Қазақстан облысындағы жоғары вольтты электр желілерін күрделі жөндеуге; 22,7 млрд теңге – Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында жол инфрақұрылымын қалпына келтіруге жұмсалды.

Сондай-ақ Ақмола, Ақтөбе, Қостанай облыстарында білім беру нысандарын салуға және жөндеу жұмыстарына – 7,5 млрд теңге; Солтүстік Қазақстан облысында инженерлік инфрақұрылым жобасын іске асыруға – 2,9 млрд теңге, атап айтқанда, Универсальная көшесі бойында «РТЖ» ААҚ темір жолдары арқылы өтетін автожол өткелін салуға бөлінді. 600 млн теңге – Ақмола облысында 7 сумен жабдықтау нысанын жөндеуге, 5,9 млрд теңге – Атырау облысындағы жолдарды қалпына келтіруге бағытталды.

ШОБ субъектілеріне келтірілген залалды өтеу үшін 12,1 млрд теңге бөлінді. Зардап шеккен кәсіпкерлік субъектілеріне толық төлем жасау мақсатында «Демеу» корпоративтік қорынан Атырау, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарына 2,5 млрд теңге көлемінде қосымша қаражат бөлу мәселесі пысықталды. Аталған қаражат есебінен ШОБ субъектілерінің 40 өтініші бойынша шығын өтелді. Жалпы, өңірлік комиссиялар 14,6 млрд теңгеге 734 кәсіпкерлік өтінімді мақұлдады.

Мал шығыны үшін мемлекет тарапынан көрсетілген көмек көлемі 2,8 млрд теңгеден асты.

Апаттан құтқару жұмыстарына 63 мыңнан астам әскери қызметші жұмылдырылды

Су тасқыны нәтижесінде еліміздің көп бөлігі табиғи апатқа ұшырады, оның ауқымын болжау мүмкін емес еді. Жүзден астам елді мекеннің тыныс-тіршілігіне нұқсан келді. Ең қиын жағдай республиканың батыс аймақтарында және солтүстік бөлігінде болды, онда су тасқыны екі кезеңде өтті.

Су тасқынының алғашқы күндерінен бастап Төтенше жағдайлар министрлігінің үйлестіруімен Жедел және өңірлік штабтар жұмыс істеді, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Ауқымды апатты жою және азаматтарды құтқару үшін күштер мен құралдарды тасымалдау бойынша жедел шешімдер қабылданды. Басты міндет азаматтардың қаза болуына жол бермеу болды. Осыған байланысты, бастапқы кезеңде халықты төтенше жағдайлар аймақтарынан жер үсті және әуе тәсілімен кідіріссіз эвакуациялау жүргізілді.

Су тасқыны кезеңінде 120 мыңнан астам азамат құтқарылып, уақытша орналастыру пункттеріне орналастырылды, оларға барлық қажетті көмек көрсетілді.

Су басқан аймақтарға құқық тәртібін қамтамасыз ету және санитарлық-профилактикалық, эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу үшін қосымша күштер жіберілді.

Көлік қатынасынсыз қалған Ақтөбе, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының елді мекендерін азық-түлікпен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін алғаш рет қалқыма көпірлер қолданылды.

Қосымша арнайы инженерлік техника мен тіршілікті қамтамасыз ету заттарына броньды алып тастау жасалды. Бір мезгілде тәулік бойы су тасқынына қарсы және инженерлік жұмыстар жүргізілді.

Барлығы 35 млн м3 астам су сорылды, мың шақырымға жуық уақытша қорғаныс бөгеттері мен біліктері тұрғызылды, 7,5 мың шақырымға жуық арықтар мен каналдар тазартылды, 8 млн астам қапшықтар төселді.

Жалпы, апаттан құтқару жұмыстарына Төтенше жағдайлар, қорғаныс, ішкі істер министрліктерінің, Ұлттық ұланның, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Мемлекеттік күзет қызметінің күштері мен құралдары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен бей-жай қарамайтын азаматтар жұмылдырылды.

Күштер мен құралдардың жалпы топтамасы 63 мыңнан астам адамды, шамамен 7 мың техниканы, 1 мыңнан астам су айдау құрылғыларын, 418 жүзу құралдарын және 38 әуе кемелерін құрады.

Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің барлық деңгейлерін үйлестіру мен өзара іс-қимылдың арқасында апаттың ауқымының таралуына жол берілмеді және бес жүзден астам елді мекен су тасқынынан қорғалды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ТЖМ жанынан бақылау функциялары берілген Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті құрылды.

Су қоймаларында 12 млрд м3 астам су жиналды

Жалпы, су тасқыны жағдайы тек жағымсыз салдар әкелген жоқ, сонымен қатар қазіргі уақытта экономика салаларының қажеттіліктері үшін пайдаланылатын су қоймаларында 12 млрд м3 астам су жинауға мүмкіндік берді. Мысалы, егер өткен жылы су қоймаларынан жалпы су жіберу бүкіл су тасқыны кезеңінде шамамен 13 млрд м3 құраса, биыл бір айда су қоймаларынан жалпы су жіберу 36 млрд м3 астам көлемді құрады.

Бұл ретте республиканың су шаруашылығы құрылыстары ең жоғары шиеленісті кезеңде суды қабылдауды және қауіпсіз ағызып жіберуді қамтамасыз етті, бұл тасқын суларды соңғы жылдары тапшылық туындаған су нысандарына (көлтабандар, су басқан шалғындар, көлдер) жіберуге мүмкіндік берді. Мәселен, Астана су қоймасын тасқын сумен толтыру 2 млрд теңгеден астам үнемдеуге мүмкіндік берді, осылайша су қоймасын Қ. Сәтбаев атындағы канал арқылы толтыру қажеттілігі жойылды.

Фото: Үкімет  

 

 

 

Байланысты жаналықтар

Тұман, бұрқасын... Ауа райына байланысты ескерту жарияланды

22.02.2025

Жазушы Дулат Исабеков өмірден өтті

21.02.2025

Алматы облысында алаяқ қайтыс болған баланың еміне ақша жинаған

21.02.2025

"Блогерлер салық төлеңдер!". Комитет хабарламасын қайтарып алды

21.02.2025

Перизат Қайрат мүгедек балаларды пайдаланып қайырымдылық ұйымдастырған – ҚМА

21.02.2025

Павлодарда үй өртеніп, адамдар құтқарылды

20.02.2025
MalimBlocks
Тұман, бұрқасын... Ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Кей өңірлерде жел күшейеді

Жазушы Дулат Исабеков өмірден өтті

Алматы облысында алаяқ қайтыс болған баланың еміне ақша жинаған

"Блогерлер салық төлеңдер!". Комитет хабарламасын қайтарып алды

Перизат Қайрат мүгедек балаларды пайдаланып қайырымдылық ұйымдастырған – ҚМА

Павлодарда үй өртеніп, адамдар құтқарылды

Бір адам ыстан уланып, ауруханаға түскен.