Блогердің оқушы қыздардың қысқа киіміне қатысты сөздері қызу талқыға түсті

Видеоны санаулы сағатта 300 мыңға жуық адам көрген.

Сабина Асқарқызы

  • 04.04.2025

Өзін медиаменеджер ретінде таныстыратын блогер Жанәділ Райымбеков тағы бір даулы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұған дейін жыныстық инфекцияны қыздар тарататынын айтып, сынға ұшыраған ол бұл жолы мектеп жасындағы жасөспірім қыздардың киіміне қатысты ойын ортаға салды.

Ол Түркістан облысында 400-ден астам мектеп оқушысы жүкті болғанын атап өтіп, қоғамның бұл мәселелерге көз жұмуын сынға алды.

Мектепке тізеден келетін немесе тізеден жоғары белдемше киіп баратын қыздар өте көп. Статистика бойынша Түркістан облысында 400-ден астам мектеп жасындағы қыз жүкті болып қалған. Ойлап қараңыз, сол мектепте жүріп қыздардың электронды темекі шегетінін, есірткі қабылдайтынын, түнгі клубқа баратынын, қысқа белдемше киетінін, кеудесі тырысып тұратын киімдер киетінін жұрттың бәрі біледі. Соның бәрін көріп тұрып, «бұл біздің дәстүрімізде жоқ, қай қазақтың қызы осындай киіп еді» деп айқай шығарып, Парламентте мәселе көтеріп, 400-ге жуық мектеп жасындағы қыз жүкті болды деп мектепке кіргізбей, ата-анасын мектепке кіргізбей қойып, күзет қойып қойған бір адам көрген жоқпын. Бірақ бір қыз орамал тақса, ол «5-пен» оқып, қызылға бітірейін деп жатса да, орамал тағып, ұзын белдемше кисе, сол қыздың жер-жебіріне жетеді. Мәселе көтеріп, оны Парламентте талқылап, министрліктен тыйым салу туралы бұйрық шығарып, «біздің салтымызда жоқ» дейді. Қай қазақтың әйелі жалаңбас жүрген еді. Бәрі жаулықпен жүрген, тіпті жастарының өзі. Жап-жас қыздар жаулықпен жүрген. Енді сіз ойлап қараңыз, сол қыздардың бәрін мектепке кіргізбейді, бірақ ер балалар 15 см тырнақ өсіріп мектепте жүре береді. Бірақ орамалға рұқсат жоқ. ЛГБТ өкілдеріне көшеде еркін жиналыс жасап, көшеде шеруге шығуға рұқсат. Бірақ орамал тағуға рұқсат жоқ. Соның бәрін көріп тұрып, қоғамдық мәселе көтеріп жатқан бір адам көрген жоқпын, дейді ол Instagram желісіндегі парақшасында.

Фото: instagram.com/zhanadil_raimbekov

 

Байланысты жаналықтар

Түркістан облысында 1465 жұмыс орны құрылды

19.05.2025

Түркістан облысының тәжірибесі өзге өңірлердің қызығушылығын арттырып отыр

16.05.2025

Түркістан облысында балалар мектеп-интернаттан шығарылған

06.05.2025

Қытайдан Қазақстанға полиция формасының ірі партиясы өткізілмек болған

30.04.2025

Түркістан облысында полицейлер жаппай тәртіптік жауапкершілікке тартылды

29.04.2025

Ақтауда киімін далаға ілген әйел айыппұл арқалады

29.04.2025
MalimBlocks
Түркістан облысында 1465 жұмыс орны құрылды

«10 мың тұрғынға 100 жұмыс орнын ашу» тапсырмасы аясында 22 595 жұмыс орны ашылды

Түркістан облысының тәжірибесі өзге өңірлердің қызығушылығын арттырып отыр

Болашақта жоба кеңейтіліп, 308 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланған.

Түркістан облысында балалар мектеп-интернаттан шығарылған

Қытайдан Қазақстанға полиция формасының ірі партиясы өткізілмек болған

Түркістан облысында полицейлер жаппай тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Ақтауда киімін далаға ілген әйел айыппұл арқалады