«Болашағына бейқам қарайтын қоғам». Тоқтар Серіков дерттен көз жұмған інісіне арнап жазба жариялады

Ол баланың дертін емдеуге қауқарсыз мемлекетке налыды.

Сабина Асқарқызы

  • 22.01.2025

Қазақстандық танымал әнші Тоқтар Серіков ұзаққа созылған сырқаттан көз жұмған інісіне арнап жазба жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесінің сөзінше, оның 9 жасар бауыры қатерлі дерттен көз жұмған. 

Менің аяулы анам және сүйікті шөбересі – Мырзәлі. Әжесі қайтқан жаққа шөбересі де қайтты. Осылай жазу қандай ауыр десеңші?! Алтыным, ағатайлап құшақтап баурап алатын жан бауырым еді. Жастайыңнан жабысқан дертіңе бір мемлекеттің дәрмені жетпеу, арашалап алып қалмау өкініш болып тұр, ботақаным! Сен секілді көзі мөлтілдеген балапандар, біз секілді шырылдаған ата-аналар әлі жетеді. Қайырымы жоқ қоғам, безбүйрек басшылар бұл дүниені қайдан түсінсін?! Балапаным, қош бол! Сенің дертіңе шипа таппадық. Қорғап қала алмадық. Кешір бізді. Сен осындай болашағына бейқам қарайтын қоғамда тудың. Раббың қабыл алып, әжеңе жеткен шығарсың, құлыным! Әжеңе бәрін айт! Әжеңмен қорқытушы едің ғой. Әжеңе «қомағай қоғамның қолтырауындары әлі тойған жоқ» де. Алтыным, балапаным, мәңгілік мекенің жәннәт болсын! деп жазды әнші. 

 

Фото: kyn.kz

Байланысты жаналықтар

«Алатау серілері» тобы мұғалімдерге күштеп билет сатып жатыр - Дәулет Мұқаев

16.04.2025

«Тойымды ішіп алып жүргізді»: желіде Нұржан Төлендиевтің менмендігі сөз болды

16.04.2025

«Сембек екеумізге арнап жазылған»: Мақпал Жүнісова хит әннің шығу тарихын айтып берді

15.04.2025

Қайрат Нұртас жұбайын туған күнімен ерекше құттықтады

15.04.2025

«Жоспарды өзгерттік»: Ерке Есмахан жыл тойын кейінге қалдырғанын айтты

15.04.2025

«Мен мінген тікұшақтың бірі құлады»: Балжан Бидаш Нью-Йорктегі апаттан соң пікір білдірді

14.04.2025
MalimBlocks
«Алатау серілері» тобы мұғалімдерге күштеп билет сатып жатыр - Дәулет Мұқаев

Алматылық оқытушылардың бірі депутатқа хат жазып, жағдайды баяндаған

«Тойымды ішіп алып жүргізді»: желіде Нұржан Төлендиевтің менмендігі сөз болды

Көпшілікке оның өзін-өзі ұстауы ұнамаған.

«Сембек екеумізге арнап жазылған»: Мақпал Жүнісова хит әннің шығу тарихын айтып берді

Бұл туынды алғаш рет 1983 жылы орындалған.

Қайрат Нұртас жұбайын туған күнімен ерекше құттықтады

Актриса 37 жасқа толды.

«Жоспарды өзгерттік»: Ерке Есмахан жыл тойын кейінге қалдырғанын айтты

Өнер иесі дүркіретіп той жасаймын деген еді.

«Мен мінген тікұшақтың бірі құлады»: Балжан Бидаш Нью-Йорктегі апаттан соң пікір білдірді

Ол тыңдарманына алғысын жеткізді.