Боранбаевтың мемлекетке өткізген қонақ үйі кімге берілгені белгілі болды

Аукционның кепілді жарнасы 587 миллион ​​914 мың теңге болады.

Malim Админ

  • 03.05.2024

Қайрат Боранбаевтың мемлекет меншігіне өткізген Comfort Hotel Astana қонақүй кешені кімнің басқаруына берілгені белгілі болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қонақүйді сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру бойынша сауда-саттық барысында бір өтініш – "Invesco PowerShares Capital Management" ЖШС-нен түсті, - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ұлттық статистика бюросы сайтындағы мәліметке сенсек, компания Қазақстанда 2021 жылы тіркелген. "Invesco PowerShares Capital Management" ЖШС экономикалық, бюджеттік және стратегиялық жоспарлау саласындағы пәнаралық зерттеулер мен әзірлемелермен айналысады. Шағын бизнеске жатады.

Чикагоға жақын жерде орналасқан Invesco PowerShares деген ірі америкалық инвестициялық басқару компаниясы да дәл осылай аталады. Ол биржалық қорларды басқарады.

Тендер шарты бойынша, тіпті бір қатысушыға да саудаласуға рұқсат етілген.

Тендердің жеңімпазы 3 920 000 000 теңгеге қонақүй кешенін алды. Аукционның кепілді жарнасы 587 миллион ​​914 мың теңге болады.

Фото: delfin-tour.ru

Байланысты жаналықтар

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

14.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

13.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025

Астанадағы мешітте жұма намазға келген екі адам жанжалдасып қалды

10.05.2025

Үш қазақ балуаны Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды

09.05.2025
MalimBlocks
“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

Астанадағы мешітте жұма намазға келген екі адам жанжалдасып қалды

Үш қазақ балуаны Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды

Екі спортшы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде медаль жеңіп алды.