Бозымбаев Атырау облысындағы су тасқынына қарсы күрес шараларын тексерді

Өңірде су тасқыны қаупі сақталып тұр.

Malim Админ

  • 13.05.2024

Вице-премьер Қанат Бозымбаев Атырау облысы Индер ауданының Индербор, Жасуат, Құрылыс ауылдарында, сондай-ақ Махамбет ауданына қарасты Махамбет, Сарайшық, Талдыкөл ауылдарында жағалауды нығайту жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды Malim.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңірде су тасқыны қаупі сақталып тұр. Жайық-Индербор және Жайық-Махамбет гидробекетінде су деңгейі қауіпті белгіден асып түсті. Жайық өзенінде су одан әрі көтерілуі мүмкін. Барлық қауіпті учаскелерде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Табиғи апатпен күреске жергілікті тұрғындар, еріктілер және әртүрлі кәсіпорындардың қызметкерлері белсенді түрде атсалысып жатыр.

Индер ауданында жер бөгеттерінің жалпы ұзындығы 30 шақырым. Қорғаныс бөгеті Жасуат, Индербор, Құрылыс, Көктоғай, Өрлік, Есбол және Елтай елді мекендерінде салынған. Аталған жұмыстарға 40-тан астам арнайы техника, 300-ге жуық әскери қызметші және 100-ге жуық ТЖ қызметкері, оның ішінде Қызылорда облысы ТЖД қызметкерлері жұмылдырылды. 

Махамбет ауданында Жайық өзенінің бойында 17 елді мекен орналасқан. Оларды қорғау үшін 80 км жағалауды нығайтатын бөгеттер салынды. Ауданда бөгеттердің жалпы ұзындығы 105,8 км. Су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасып жатыр. Оларға 130 арнайы техника, 650 әскери қызметші, 200-ден астам ТЖ қызметкері, 300-ге жуық ерікті мен жергілікті тұрғындар тартылды. 

Вице-премьер Қанат Бозымбаев Махамбет ауданының әкіміне ежелгі Сарайшық қалашығы маңындағы Жайық өзенінің бойындағы бөгетті тағы да қосымша көтеруді тапсырды. 

Ол үшін мұнда Қорғаныс министрлігінің жеке құрамының жүздеген қызметкері мен ондаған техника тартылады. Біздің тарихи мұрамызды қорғауға және сақтауға жауапкершілікпен қарау қажет, - деп тапсырды Қанат Бозымбаев.

Фото: primeminister.kz

Байланысты жаналықтар

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

Атырау облысында оқушылар екі жасөспірімді қатыгездікпен ұрып-соққан

12.05.2025

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

07.05.2025

Жайыққа батқан жасөспірім үш күннен бері табылмай жатыр

06.05.2025

Құтқарушылар солтүстіктегі ауылды тасқын судан қорғап қалды

01.05.2025

Салық қызметкерлері азаматтардың табыс тарихын зерттей бастады

28.04.2025
MalimBlocks
Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

Атырау облысында оқушылар екі жасөспірімді қатыгездікпен ұрып-соққан

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

Жайыққа батқан жасөспірім үш күннен бері табылмай жатыр

Құтқарушылар солтүстіктегі ауылды тасқын судан қорғап қалды

Салық қызметкерлері азаматтардың табыс тарихын зерттей бастады