Депутат: Үкімет фермелерге 296 миллиард теңге қарыз
«Ауыл» партиясының мәжілістегі фракция жетекшісі, депутат Серік Егізбаев Үкімет пен Ұлттық банктің ауылшаруашылық тауар өндірушілерін қолдау қаржысын ұлғайту туралы батыл шешім қабылдауы қажет деп санайды. Бұл туралы Власть сайтына сілтеме жасап, www.malim.kz сайты жазды.
Осы арқылы ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілердің жағдайын жақсартуға болады. Қазіргі таңда мемлекет тек 2024 жылдың өзінде шаруашылық иелеріне 296 миллиард теңге субсидия берешек.
«Оңтүстік өңірлерде көктемгі егіс жұмыстары басталып жатыр, басқа аймақтар да оған дайындық жүргізуде, бірақ 2024 жылдың қорытындысы бойынша әлі де 296 миллиард теңге сомасында субсидия төленбей отыр, фермерлерге берешек артып келеді. Бұдан бөлек, 2025 жылға қосымша 110 миллиард теңге көлемінде қажеттілік туындап отыр», - деді Егізбаев сәрсенбі күні мәжіліс отырысында.
Оның айтуынша, фермерлер алдындағы мемлекет міндеттемелерін орындауға қажетті қаржының жетіспеушілігі жүйелі проблемаға айналған. Фермерлер өз субсидияларын алу үшін екі жыл бойы күтуге мәжбүр. Нәтижесінде, мемлекет тарапынан төлемдердің кешігуі ауылшаруашылық өнімін өндірушілерді банктерден қымбат несие алуға итермелейді.
Депутат соңғы жарты жылда ауылшаруашылығы саласындағы қаржыландыру жүйесін жетілдіру, соның ішінде субсидиялар бойынша берешекті шешу мәселелері бойынша ауылшаруашылық комитеті алты рет жиналыс өткізгенін айтты. Үкіметке ұсыныстар мен пікірлер жолданғанымен, «оңды шешім болмай тұр».
Фото: baigenews.kz