Алматыда жолақы құны 120 теңге болуы мүмкін

Бұл жөнінде қалалық мәслихаттың кезектен тыс XXI сессиясында айтылды

Malim Админ

  • 19.07.2024

Алматыда  автобуспен жүру құны қымбаттайды.  Қалалық мәслихат депутаттары бағаны көтеруді қолдап дауыс берді. 

Қоғамдық көлікте жол жүру тарифі 20 теңгеге, яғни  120 теңгеге дейін өсуі мүмкін. Бұл жөнінде қалалық мәслихаттың кезектен тыс XXI сессиясында айтылды. Осының есебінен тасымалдаушыларға бюджеттен субсидиялар мөлшерін азайту көзделуде.

Депутаттар бұл шешімді түсіндіре отырып, субсидиялардың өсімі көлік тарифтерінің өсуінен асып түсетінін және бюджеттен бөлінетін шығыстардың көбейіп жатқанын, оны басқа мақсатқа пайдалануға болатынын алға тартты.

Қоғамдық көлік жұмысын ілгерілету үшін тасымалдаушылар алдағы жылдары 800-ге жуық автобус сатып алуды жоспарлап отыр.

Тарифтер мәслихат шешімінен кейін Алматы әкімдігінің қаулысымен бекітілетіні мәлімделді. Бұл туралы қосымша хабарланады.

Фото: Ж.Каримова, Vlast.kz 

Байланысты жаналықтар

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

16.05.2025

Мұнайдың әлемдік бағасы күрт өсті

12.05.2025

Қытай мен АҚШ 90 күнге тарифтерді төмендетуге келісті

12.05.2025

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

12.05.2025

Алматыда жер сілкінді

10.05.2025

Мұнай бағасы құлдырады. ОПЕК+ Ресейді дағдарысқа әкеле ме?

10.05.2025
MalimBlocks
Алматы маңында тағы да жер сілкінді

Мұнайдың әлемдік бағасы күрт өсті

Қытай мен АҚШ 90 күнге тарифтерді төмендетуге келісті

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

Алматыда жер сілкінді

Мұнай бағасы құлдырады. ОПЕК+ Ресейді дағдарысқа әкеле ме?

АҚШ, Бразилия, Иран сияқты елдер өндірісті ұлғайтып отыр