Қызылша өсірушілер субсидия мен төлем мәселесін Үкіметте көтерді

Үкімет оларға тапсырған өнімі үшін төлемін жақында алатынын уәде етті

Мәди Саматұлы

  • 05.10.2024

Биыл елімізде қызылшаның жалпы түсімі 1,1 млн тонна болады деп күтіліп отыр, одан өндірісте шамамен 120 мың тонна қант алынады, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл мәселе Үкіметте өткен негізгі азық-түлік өнімдерін өндіру және бағаны тұрақтандыру мәселелері бойынша кеңесте өнім жинау басталысымен қызылша өсірушілер қызылшаны өңдеуге тапсырғаны үшін субсидиялар мен зауыттар тарапынан төлем төлеу мәселесін бірнеше рет көтерді. Қайта өңдеуге тапсырылған қызылша көлемі үшін фермерлерді субсидиялау нормативтері 25 теңге/кг, ал зауыттардағы қызылшаның сатып алу құны – 1 кг үшін 15 теңге.

Үкімет шешімімен қыркүйектің соңында қызылша өсірілетін Жетісу, Жамбыл және Алматы облыстарындағы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қызмет түрлерінің тізбесі кеңейтілді. Бұл осы корпорацияларға айналым қаражатын жеңілдетілген пайызбен толықтыру үшін қант зауыттарын қаржыландыруға мүмкіндік береді. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қант зауыттарына жеңілдікпен кредит берудің жалпы сомасы 25,8 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде 15 млрд теңгеге «Ақсу қант» зауытына несие желісі ашылып, «Жетісу» ӘКК арқылы 1,6 млрд теңге бөлінді. Меркі қант зауытына 10,8 млрд теңгеге несие желісі ашылды. Осылайша, қант зауыттары жақында қызылша өсірушілермен тапсырылған жаңа өнім үшін есеп айырыса алады.

Қант қызылшасын өңдеуге (25 тг/кг) тапсырғаны үшін фермерлерді субсидиялау үшін жақын арада Үкімет резервінен қажетті қаражат бөлінеді. Фермерлерге төлемдер белгіленген тәртіпке сәйкес кезең-кезеңімен жүргізіледі. Жетісу облысындағы Ақсу қант зауытына 100 мың тонна қызылша тасымалдауға мәжбүр болған Жамбыл облысы фермерлерінің көлік шығындарын өтеу үшін субсидиялау нормативі тоннасына 25 мың теңгеден 45 мың теңгеге дейін ұлғайтылды. 

Фото: Үкімет

Байланысты жаналықтар

Роман Скляр жұмыс сапарымен «Нұр Жолы» өткізу пунктінің өндірістік қызметімен танысты

18.05.2025

Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

17.05.2025

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

17.05.2025

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

15.05.2025

Абай облысында ет өнімдерін терең өңдейтін өндірістік кешеннің құрылысы басталды

15.05.2025

Қызылша жұқтырған балалардың көбі – екпе алмағандар

29.04.2025
MalimBlocks
Роман Скляр жұмыс сапарымен «Нұр Жолы» өткізу пунктінің өндірістік қызметімен танысты

Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

Абай облысында ет өнімдерін терең өңдейтін өндірістік кешеннің құрылысы басталды

Қызылша жұқтырған балалардың көбі – екпе алмағандар