Премьер-министр егін жинау науқанын басты назарда ұстауға шақырды

Ауыл шаруашылығы техникасын лизингке сатып алуға бағытталған сома 5 есе көбейді.

Malim Админ

  • 16.08.2024

Үкімет басшысы Олжас Бектенов егін жинау науқанына дайындық мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Жиында ауыл шаруашылығы министрі, экология және табиғи ресурстар, энергетика вице-министрлері, сондай-ақ Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының әкімдері тыңдалды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет биылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге 580 млрд теңге көлемінде рекордтық қаражат бөлді. Ауыл шаруашылығы техникасын лизингке сатып алуға бағытталған сома 5 есеге ұлғайтылды. Мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шараларын кеңейту шаруаларға егіс науқанын сәтті өткізуге мүмкіндік берді.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда жаппай егін жинау жұмыстары тамыздың үшінші онкүндігінде басталады. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы 98%-ды құрайды. Барлығы 149 мыңнан астам трактор, 38 мың астық жинайтын комбайн және 14 мың дестелегіш тартылатын болады.

Үкімет басшысы вице-премьер Серік Жұманғариннің басшылығымен тиісті министрліктер, әкімдіктер мен шаруалар арасындағы жұмысты үйлестіру мен бақылау үшін егін жинау науқанын өткізу жөніндегі жедел штаб құруды тапсырды.

«Егінді сапалы жинап алу және сақтау еліміз үшін ерекше маңызға ие. Туындайтын барлық мәселені күнделікті пысықтау қажет. Бұл тек министрліктерге ғана емес, әкімдіктер мен фермерлердің өздеріне де қатысты. Ауыл шаруашылығы министрлігіне облыстардың әкімдіктерімен бірлесіп, егін жинау жұмыстарын ерекше бақылауда ұстауды тапсырамын. Дәнді дақылдарды сақтаудың тиісті жағдайын қамтамасыз ету де маңызды», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Шаруаларға күзгі дала жұмыстарын жүргізуге 64 мың тоннадан астам жеңілдігі бар дизель отыны жөнелтілді. Бекітілген кестеге сәйкес, өңірлерге барлығы нарық бағасынан төмен деңгейде тіркелген баға бойынша шамамен 355 мың тонна жеткізілетін болады. Дизель отынын жеткізуді бақылау және ашықтығын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды.

Олжас Бектенов мәселені тұрақты бақылауда ұстауды міндеттеді, қажеттілік туындаған жағдайда шаруаларға астықты кептіруге дизель отынының қосымша көлемі бөлінеді.

Республикада астық сақтаудың жалпы сыйымдылығы 30 млн тоннаны құрайды, бұл болжанып отырған егін көлемін сақтауға жеткілікті. Сонымен қатар жекелеген астық қоймаларының жүктемесі әлі күнге жоғары болып отыр.

Фото: Үкімет  

Байланысты жаналықтар

Қазақстанның таулары бар, бірақ туристері жоқ: неге?

20.05.2025

Қазақстанның мемлекеттік қарызы қанша?

20.05.2025

Түркістан халқының 90 пайызға жуығы газбен қамтылады

20.05.2025

Ұлттық қорға ақша құюшы компаниялар саны 8,5 есеге қысқарған

19.05.2025

Түркістан облысы мен Оңтүстік Корея арасында іскерлік байланыс нығаяды

19.05.2025

Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

19.05.2025
MalimBlocks
Қазақстанның таулары бар, бірақ туристері жоқ: неге?

Қазақстанның мемлекеттік қарызы қанша?

Түркістан халқының 90 пайызға жуығы газбен қамтылады

Ұлттық қорға ақша құюшы компаниялар саны 8,5 есеге қысқарған

Түркістан облысы мен Оңтүстік Корея арасында іскерлік байланыс нығаяды

Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастық көкжиегін кеңейту туралы талқылады

Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

Шетелдік капитал иелері алдымен Қазақстанның соңғы жылдардағы сыртқы іскерлік байланыстарына назар аударады