eGov Mobile қосымшасында жаңа қызмет пайда болды

Арман Қайыпхан

  • 10.04.2025

"ҰАТ" АҚ-ның 2025 жылғы 10 сәуірдегі мәліметіне сүйенсек, eGov Mobile қосымшасында шетелде алынған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы дипломдарды тану қызметі қолжетімді, деп хабарлайды Malim.kz.

"Қызмет шетелдік жоғары оқу орындарының түлектеріне Қазақстанда жұмысқа орналасу немесе оқуын жалғастыру үшін дипломын ресми түрде растауға мүмкіндік береді", – делінген ақпаратта.

Бұрын бұл процесс жеке өтініш пен қағаз құжаттарды жинауды талап ететін, ал бүгінде қызмет онлайн режимде қолжетімді. Бұл өтінімді қарау мерзімін қысқартады және қызметті пайдаланушыларға ыңғайлы етеді.

Қызметті пайдалану үшін:

eGov Mobile қосымшасында авторизациядан өтіңіз;

"Қызметтер" бөліміне өтіңіз, "Білім" – "Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану" қызметін таңдаңыз;

өтінімді толтырыңыз, қажетті құжаттарды жүктеңіз және төлем жасаңыз;

өтінімге қол қойыңыз.

"Қызмет нәтижесінде пайдаланушы дипломды тану туралы электрондық құжатты немесе заңда көрсетілген негіздер бойынша дәлелді жауап алады", – делінген "ҰАТ" АҚ хабарламасында.

Фото: digitalbusiness.kz

Байланысты жаналықтар

Елімізде енді ажырасу да қымбаттамақ

09.04.2025

Мемлекеттік қызметшілердің ант беру мәтіні өзгереді

31.01.2025

Уақыт белдеуін өзгертуге қатысты сауалнама eGov қосымшасынан алынып тасталған

25.11.2024
MalimBlocks
Елімізде енді ажырасу да қымбаттамақ

Мемлекеттік қызметшілердің ант беру мәтіні өзгереді

Уақыт белдеуін өзгертуге қатысты сауалнама eGov қосымшасынан алынып тасталған

Жауапты мекеме өкілдері пікір білдіруден бас тартқан