Елімізде онлайн жезөкшелікке тыйым салынды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 5 шілдеде «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін 60 күн өткен соң, яғни, кеше, 5 қыркүйек күні күшіне енді, деп хабарлайды Malim.kz.
Заң аясында қылмыстық кодекске қылмыстардың жаңа санаты - адам саудасына байланысты қылмыстар енді және «сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтер» деген жаңа ұғым, оның ішінде нақты уақыт режимінде интернет желісі арқылы қашықтықтан қызмет көрсету ұғымы енді.
«Жаңа заң бойынша адамдарды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды жыныстық сипаттағы өзге де қызметтер көрсетуге тарту, сол сияқты осы мақсаттар үшін жеңгетай болу, осы қызметке тарту мақсатында, сол сияқты жеңгетайлық мақсатында жезөкшелікті, жыныстық сипаттағы өзге де қызметтерді насихаттау және (немесе) жарнамалау, телекоммуникация желілерін, оның ішінде интернетті пайдалану арқылы жезөкшелікпен айналысу, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтер көрсету және притон ұйымдастыру немесе ұстауға жаза күшейеді», - деп жазылған заң нормасында.
Бұл шаралар ҚК-нің 134, 308 және 309 және ҚР ӘҚБтК-нің 450-баптары бойынша ұйымдастырушыларды жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, заңда жезөкшелік қызметін, кәмелетке толмаған адамның көрінеу көрсететін өзге де жыныстық сипаттағы қызметті алғаны үшін қылмыстық жауапкершілік енеді. Бұл ҚР ҚК 122-бабы бойынша жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді.
Фото: istockphoto.com