Еліміздегі 740 мектепке директор жоқ

Арман Қайыпхан

  • 06.02.2025

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ведомствоның алқа мәжілісінде мектеп директорларының деңгейі ойдағыдай болмай тұрғанын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Талдау директорлардың біліктілік деңгейін көтеру керектігін көрсетіп отыр. Олардың тек 9 пайызында ғана "жетекші-көшбасшы" санаты бар. Осы жағдайды шешу үшін 2023 жылдан бері "Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы" жобасы іске асырылып келе жатыр. Бүгінгі күні 583 кандидат Республикалық кадрлық резервке енгізілді. Жоба іске қосылғанына қарамастан, 740 мектепке директор жетіспейді, оның 81%-ы ауыл мектебі, – деді ол.

Директорлар тапшылығы әсіресе Түркістан, Қарағанды, Павлодар, Ақмола және Қостанай облыстарында тіркелген көрінеді. 

Резвервтегі кадрларды тағайындау Ақтөбе облысында қажетті деңгейде орындалмаған. Яғни, басшылық лауазымға 12 кадрдың екеуі, Шымкентте 23-тің үшеуі ғана тағайындалған. Алматы қаласында ревервте тұрған 30 маманның біреуі де тағайындалмаған. Бұл білім басқармалары тарапынан өңірдегі бос орындарды ескере отырып, оқытуға қатысушыларды іріктеу кезінде нақты тәсілдің жоқ екенін көрсетеді. Басқаша айтсақ, стратегиялық маңызы жоба бетімен жіберілген. Мәселе тек жаңа директорлар дайындауда ғана емес, бүкіл директорлар құрамын сапалы менеджментке оқыту қажеттігі туындап отыр. Сонда ғана білім беру саласында айтарлықтай өзгерістерге қол жеткіземіз, – деді министр.

Фото: gov.kz

Байланысты жаналықтар

Тұман, бұрқасын... Ауа райына байланысты ескерту жарияланды

22.02.2025

Жазушы Дулат Исабеков өмірден өтті

21.02.2025

Алматы облысында алаяқ қайтыс болған баланың еміне ақша жинаған

21.02.2025

"Блогерлер салық төлеңдер!". Комитет хабарламасын қайтарып алды

21.02.2025

Перизат Қайрат мүгедек балаларды пайдаланып қайырымдылық ұйымдастырған – ҚМА

21.02.2025

Павлодарда үй өртеніп, адамдар құтқарылды

20.02.2025
MalimBlocks
Тұман, бұрқасын... Ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Кей өңірлерде жел күшейеді

Жазушы Дулат Исабеков өмірден өтті

Алматы облысында алаяқ қайтыс болған баланың еміне ақша жинаған

"Блогерлер салық төлеңдер!". Комитет хабарламасын қайтарып алды

Перизат Қайрат мүгедек балаларды пайдаланып қайырымдылық ұйымдастырған – ҚМА

Павлодарда үй өртеніп, адамдар құтқарылды

Бір адам ыстан уланып, ауруханаға түскен.