Ерлан Қарин: Пандемия Еуразия интеграциясының сынаққа төтеп беретінін көрсетті

Malim Админ

  • 21.05.2021

Президент көмекшісі, Қазақстанның халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесінің төрағасы Ерлан Қарин Қазан қаласындағы «Валдай» халықаралық пікірталас клубындағы кездесуде Қазақстан мен Ресей мүшелік ететін Еуразия экономика одағының пандемияға қалай төтеп бергенін айтып берді.

Қариннің сөзінше, пандемия сауда-экономика саласында қиындықтар тудырса да, нарық жаңа шарттарға икемделе білген.

“Пандемия ЕАЭО жұмысына кедергі келтірген жоқ. Одаққа мүше елдер бірлесе жылдам жұмыс атқара алатынын көрсетті. Естеріңізде болса, ЕАЭО аясында (пандемияның бастапқы кезеңінде - ред.)

тауарларды импорттау үшін «жасыл дәліз» құрылып, дәрі және дезинфекциялау құралдарын, медициналық препараттарды және өзге де заттарды өндіру үшін жекелеген компоненттер мен материалдарды ЕАЭО аумағына әкелудің бажсыз режимін енгізілген болатын” - деді Ерлан Қарин.

Қазақстан президентінің көмекшісі Қариннің айтуынша, түрлі ортақ шаралар мен онлайн-конференциялар аясында әлі де жалғасып келе жатқан саяси диалог пен өткен жылы 2025 жылға дейінгі ЕАЭО стратегиясына қол қойылғаны  одақтың өміршеңдігі мен сынақтарға төтеп бере алатынын көрсетті.

“Ресей мен Қазақстан президенттерінің телефон қоңыраулары хроникасына қарап, пандемия кезінде байланыс үзілмегенін, керісінше қарқынды жүргенін байқауға болады”.

Фото: Akorda.kz

Байланысты жаналықтар

Баласына алимент төлемеген әйел сотталып кетті

16.04.2025

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

16.04.2025

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

16.04.2025

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

16.04.2025

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

16.04.2025

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

16.04.2025
MalimBlocks
Баласына алимент төлемеген әйел сотталып кетті

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

Депутат Дәулет Мұқаев бұған дейін тұсау кесемін деп хабарландыру жариялағаны үшін сынға қалған. Ол хабарландыруды не үшін таратқанын Мәжіліс кулуарында бұл жолы журналистерге түсіндіріп беруге тырысты