Ерлан Қожағапановтың ісі бойынша сот тергеуі қайта басталды

2025 жылғы 2 мамырда Астананың қылмыстық істер жөніндегі аудандық сотының судьясы Қанат Төбегелұлы прокурордың өтініші бойынша экс-мәдениет және спорт вице министрі Ерлан Қожагапановқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот тергеуін қайта бастады, деп хабарлайды Malim.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұған дейін сот процесі қорытынды пікірталас кезеңіне өтуі керек болған, алайда прокурор Арман Қизыкен бағалаушы Азат Ержановты Астананың бағалаушылар палатасының теріс сараптамалық қорытындысы бойынша қосымша жауап алуға шақыруды сұрады. Онлайн байланыста болған Ержанов қазіргі уақытта Ақмола облысында іссапарда жүргенін айтып, сараптамамен танысу үшін уақыт беруін өтінді.
Ерлан Қожағапанов пен адвокаттары бұл өтінішке қарсы шығып, Ержановтың қорытындысы бұған дейін жарамсыз деп танылғанын алға тартты. Соған қарамастан, судья Қанат Төбегелұлы прокурордың өтінішін қанағаттандырды.
"Бүгін Астананың бағалаушылар палатасының сараптамалық қорытындысы жарияланды. Онда Ержанов бұл сараптаманы дайындау кезінде бірқатар әрекетті орындамағаны, кейбір құжаттарды дұрыс қабылдамағаны, түрлі коэффициентті қолданбағаны және тағы басқа көптеген ескертулер көрсетілген", - деді адвокат Нұрлан Бейсекеев.
Өз кезегінде Азат Ержанов өз есебіндегі деректердің өзектілігіне байланысты сұрақтар туындауы мүмкін екенін, ал қорытындыдағы ескертулердің маңызсыз болуы ықтимал екенін айтты. Ол дүйсенбі күні қосымша түсініктемелер мен есептер ұсынуға уәде берді.
Фото: Үкімет