«Ешқайсысы өз анасының жолын қуған жоқ»: Гүлзира Айдарбекова келіндеріне үлгі көрсетіп жүргенін айтты

Ол әлеуметтік желіде өзін сынағандарға жауап берді.

Сабина Асқарқызы

  • 04.06.2024

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова кіші келіні Индирамен бірге трендтегі видео түсіріп, қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Malim.kz.

Гүлзира Айдарбекова келіндеріне көңілі толатынын айтады. Ол әлеуметтік желіде жазылатын сын-пікірлерге жауап берді.

Келін жақсы болса, үйге күн нұры төгіліп тұрғандай ғой, шіркін?! Мамалап қас қабағыма қарап отырады, сілкінбейді, көгермейді одан артық не керек. Осылардан құдай айырмасын, ұрпағымды жалғастырып, көз қуанышым болып, ата-аналарымен мың жылдық құдай берген құда-жекжат болып жүруімізді жазсын, Алла! Осылар бақытты болса, құда мен құдағи да тыныш қой. Еркелесе еркелесін, еркелететін қыздарым да жоқ. Қиылып, күлімдеп шайын тырыспай беріп, мама деп тұрса, жүрегімді жұлып беруге дайынмын, – деп жазды продюсер. 

Желі қолданушылары продюсерге жас келіндерімен жарыспай, жасына сай әрекет жасауды ұсынған. Алайда Гүлзира Айдарбекова келіндеріне үлгі аларлық ене болып жүргенін атап өтті.

Құдай шаршатпасын, қандай ұят тірлік көріп тұрсыз, басым жастыққа тиіп қалыпты ма қартайып?! Сізге отыру ұнаса, отыра беріңіз, менің шаруам да жоқ сіз жайлы әңгімем де жоқ. Үйренсін, үлгі алсын, менің оларға ұнағаным болар, ешқайсысы өз анасының жолын қуған жоқ, менің жолыммен келеді, байқамадыңыз ба?, – деп жазды Гүлзира Үсенқызы.

Айта кетейік, Гүлзира Айдарбекова бұған дейін келіндерімен қарым-қатынасы өте жақсы екенін және олардың үй тірлігінен еш қиналмайтынын айтқан еді.

Фото: әлеуметтік желі

Байланысты жаналықтар

Қызылорда облысында келін енесінің үстінен сотқа арызданды

13.05.2025

14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмыспен қамтылды

13.05.2025

Аида Балаева: Репродуктивті денсаулықты басты құндылыққа айналдырайық!

12.05.2025

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

09.05.2025

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 13-14-ші хат

09.05.2025

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

08.05.2025
MalimBlocks
Қызылорда облысында келін енесінің үстінен сотқа арызданды

14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмыспен қамтылды

Аида Балаева: Репродуктивті денсаулықты басты құндылыққа айналдырайық!

2025 жылғы 12–16 мамыр аралығында елімізде Репродуктивті денсаулық апталығы өтеді

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

Өнер иесі әкесін соңғы сапарға шығарып салғанын жеткізді

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 13-14-ші хат

Мeмлeкeт басшыларынан бастап, жeргiлiктi əкiмтайға дeйiн қазақша сөйлeмeсe, бұл тiлдe рeсми құжаттар жүргiзiлмeсe – oның нeсi мeмлeкeттiк тiл?! Басқа-басқа, Кoнституцияның өтiрiк айтқаны – өлгeнi ғoй. Нe бoлмаса, Кoнституция қағидасын oрындамай oтырғандар oңбаған. Eкiнiң бiрi. Мiнe, бұл əдiлeтсiздiккe нeгiздeлгeн қoғамның нышаны

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

Әншінің анасы әр жанкүйерге шын ниетпен сәлем жолдады