Facebook арқылы ақша бопсалаған блогер ұсталды

Арман Қайыпхан

  • 10.03.2025

Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті Жамбыл облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы күрес басқармасы қызметкерлері тарапынан, прокуратураның үйлестіруімен қолға түскен, деп хабарлайды Malim.kz.

Тараз тұрғынынан 2,5 миллион теңге бопсалау фактісі бойынша екі ер адам ақшаны алу кезінде ұсталды. Олар кінәсін мойындап, тергеуге көмектесуге келісті, – деп хабарлады Жамбыл облысының полициясы.

Тергеу барысында күдіктілердің бірі ақшаны үшінші адамға – блогерге бергені анықталды. Ол Facebook әлеуметтік желісінде адамға қатысты беделіне нұқсан келтіретін жазбалар жариялаған, бұл бопсалаудың себебі болған.

Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция қызметкерлері қажетті тергеу және жедел-іздестіру шараларын жүргізуде. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланбайды, – деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Қазақстандық блогерлер салық төлей бастады

19.05.2025

Таразда депутат соққыға жығылды

14.05.2025

Мұқағали Мақатаевтың отбасы атышулы блогерден 10 млн теңге талап етті

05.05.2025

"Қазақтың Робин Гуды" атанған блогерге тағы бір қылмыстық іс қозғалды

05.05.2025

Таразда пойыз, жолаушылар автобусы және жеңіл көлік соқтығысқан

04.05.2025

Шәріп Серік өзін Бишімбаевтың қасына «отырғызғандарды» сотқа берді

29.04.2025
MalimBlocks
Қазақстандық блогерлер салық төлей бастады

Таразда депутат соққыға жығылды

Мұқағали Мақатаевтың отбасы атышулы блогерден 10 млн теңге талап етті

Іс "Қорлау" бабы бойынша қаралып жатыр

"Қазақтың Робин Гуды" атанған блогерге тағы бір қылмыстық іс қозғалды

Таразда пойыз, жолаушылар автобусы және жеңіл көлік соқтығысқан

Шәріп Серік өзін Бишімбаевтың қасына «отырғызғандарды» сотқа берді

Адвокат Жанна Уразбахова ЖИ арқылы жасалған видеоның ешқандай қылмыс емесін айтқан