Гүлмира Сатыбалды тағы бір қылмыстық істе күдікті деп танылды

Арман Қайыпхан

  • 21.04.2025

Қайрат Сатыбалдының (Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені) бұрынғы әйелі – Гүлмира Сатыбалды тағы бір қылмыстық іс бойынша күдікті атанды, деп хабарлайды Malim.kz KazTAG агенттігіне сілтеме жасап.

Антикор мәліметінше, қазіргі таңда Сатыбалды Гүлмира Қайратқызы мен басқа да тұлғаларға қатысты «Vostochka» көпфункционалды тұрғын үй кешенінің құрылысы кезінде заңсыз әрекеттерге жол берілді деген факті бойынша тергеу жүріп жатыр.

Айта кетейік, Гүлмира Сатыбалды бұған дейін де бірнеше ауыр қылмыстық іске қатысты деп танылған. Оның ішінде:

  • Универсиада-2017 нысандарын жөндеуге бөлінген қаржыны жымқыру,
  • рейдерлік әрекет,
  • адам ұрлау істері бар.

2023 жылдың 4 мамырында ол ҚР ҚК-нің 389-бабы (өзімбилік ету) және 125-бабы (адам ұрлау) бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сонымен қатар, «Құрмет» орденінен айырылып, бизнесмен Турсен Алагөзовке 6,5 млрд теңге өтемақы төлеуге міндеттелді.

Фото: видеодан кадр

Байланысты жаналықтар

Семейде итті шынжырға асып қойған қаскөйдің жеке басы анықталды

21.04.2025

«Қызғаныш». Жаңөзенде шетелге оқуға түскен жасөспірімді сыныптастары ұрып тастады

18.04.2025

Шерзат Болаттың ісі: Айыпталушылар кінәсін мойындамады

17.04.2025

Қырғызстанның бұрынғы президенті Атамбаев кінәлі деп танылды

17.04.2025

LRT құрылысындағы ұрлық ісі бойынша күдіктілердің бірінің қайда екенін анықталды

15.04.2025

Сот аумағынан қашқан күдікті ұсталды

14.04.2025
MalimBlocks
Семейде итті шынжырға асып қойған қаскөйдің жеке басы анықталды

Семейлік полицейлер итті асып қойып өлтірген қаскөйдің жеке басын анықтады

«Қызғаныш». Жаңөзенде шетелге оқуға түскен жасөспірімді сыныптастары ұрып тастады

Шерзат Болаттың ісі: Айыпталушылар кінәсін мойындамады

Қырғызстанның бұрынғы президенті Атамбаев кінәлі деп танылды

Ол қылмыстық топ серкесі Азиз Батукаевты қамаудан заңсыз босатты деген күдікке ілінген

LRT құрылысындағы ұрлық ісі бойынша күдіктілердің бірінің қайда екенін анықталды

Интерпол LRT құрылысындағы ұрлық ісі бойынша күдіктілердің бірінің қайда екенін анықтады

Сот аумағынан қашқан күдікті ұсталды