"Имамдарда ақша жоқ дейсіңдер". Қабылбек ұстаз зәулім мейрамхана ашты
Желіде "Қазақтың 75 пайыз сөзі арабтікі" деп айтқан Қабылбек уағызшы хан сарайындай мейрамхана ашты

Желіде "Қазақтың 75 пайыз сөзі арабтікі" деп айтқан уағызшы Қабылбек Жұмабеков хан сарайындай мейрамхана ашты, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Democrat.kz-ке сілтеме жасап.
Алматыда "OTAU" атты халал мейрамхана ашқан уағызшының жаңалығын шәкірттері хабарлады. Қазақы нақышпен безендірілген ғимаратың ішінде шапан кигендер домбыра шертіп отыр.
Желі қолданушылары Қабылбек уағызшыны сынға алды.
"Имамдарда ақша жоқ дейсіңдер, ал көріңдер", "садақа жәшігінің ақшалары қайда кетіп жатыр, енді түсінген шығарсыңдар", "бұлар надан дүмшелердің арқасында шалқып жүр", - деп жазған олар.
Malim.kz тілшісі бұған қатысты ҚМДБ-ға сауал жолдады.
@talgat.assylov #мұсылман #ислам #мешіт #мусульманин #мусульманин #қабылбекәліпбайұлы #ұстаз
♬ оригинальный звук - Monisha Star Singer/Actress
Қабылбек ұстаз туралы не белгілі?
Шеше көрмеген... Қабылбек «ұстазға» тоқтам қоятын кім бар?
Қабылбек Әліпбайұлы 1982 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Абай өңірінде дүниеге келген.
Ол Алматы қаласында орналасқан «Нұр-Мубарак» Египет мәдениеті университетінде білім алған. Кейін Мысырдағы әлем мұсылмандарының әйгілі Әл-Азһар Ислам университетінің шариғат факультетінің түлегі атанды. Мамандығы - ислам заңгері.
2012-2013 жылдар аралығында Алматы қаласының «Әбу-Ханифа» медресесінде ұстаздық қызмет атқарған. Алматы қаласының орталық мешітінде және «Таугүл» мешітінде дәрістер оқып, уағыз – насихат жұмыстарын жүргізген.
2013-2015жылдар аралығында Жезқазған қаласы Ахмет Ишан Оразайұлы атындағы мешітте өкіл имам қызметін атқарды.
2015-2016 жылы Алматы қаласы Байкен мешітінде наиб имам қызметін атқарды.
2016 жылы 15 қаңтарда Астана қаласы "Нұр-Астана" мешітіне наиб имам қызметіне тағайындалды
Отбасын құрған, жұбайы, Алла нәсіп еткен екі ұл және бір қызы бар.
Фото: Видеодан алынған кадр