457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Интернет - алаяқтық. ҚМА азаматтарды қырағы болуға шақырды

Енді амал-айласын асырушылар Қаржылық мониторинг агенттігінің тарапынан тұрғындармен байланысып, аңғал жандардың ақшасын үптеуде. Аталмыш құрылым үндеу жасап, телефон арқылы хабарласып, алаяқтық жасаушыларға сенбеуге шақырып отыр.   

Қолындағы қаражатынан көз жазып қалған азаматтар осы агенттіктің Call-opтaлығынa жиі шағымданып жатыр.

Мекеме таратқан хабарламаға сенсек, бейтаныс адамдар өзін агенттік қызметкерімін деп  таныстырып, азаматтардың сеніміне кіріп алады.  Яғни, олардың «күдікті операцияларға» қатысы бар екенін жеткізіп, алаңдатады. Дербес деректерін ашқыза отырып, қаржының бәрін өздерінің айтуынша, «қауіпсіз саналатын» есепшоттарға аудартқызады. Сенім ұялату үшін «ресми өкілеттiктеріне» сілтеме жасайды.   

Алаяқтықпен айналысатындар көп жағдайда келесідей тізбек бойынша әрекет жасайды дейді ҚМА мамандары.  Әуелі «Aгенттiк қызметкері» болып қоңырау соғады. Іле шала «Ұлттық банктен» біреуі телефон шалып, тәуекелдерді растап шыққандай қалып танытады. Көбінесе «Жамалетдинов» және «Жалымов» деген адам тектеріне қатысты азаматтардан көп шағым түскен.  

Алегер тұрғындар деректерді беруден бас тартса алаяқтар үркітіп, қорқыту әрекетіне көшеді.   

Мониторинг агенттігі мамандары «ҚМА қызметкeрлeрі» тарапынан жолданған жалған хаттарды қолға түсірген. Онда өтірік қолтаңбалар қойылып, мөрлер басылған екен.  

Агенттік қызметкерлері ескертеді. ҚМА ресми хабарлама жолдамай, телефонмен жеке деректерді сұрамайды. Ол-анық. Сонымен қатар, ақша аударымын талап етпейді.   Мекеме ресми түрде тек Қазақстан Республикасы  заңнамасы шеңберінде әрекет ететінін мәлім етті.

Батыл шешімдердің нәтижесінде Call-орталық мамандарының жедел кеңесі 50-ге тарта  алаяқтық әрекетке тұсау салып үлгерді. Егер де алаяқтардың алдау-арбауын байқасаңыз ҚМА Call-center-іне, 1458 нөміріне тез арада хабарласуыңыз керек. Сонда ғана қаржыңызды бөтен адамдардың иеленіп кетуіне жол бермейсіз.  


Фото: ixbt.com