Кеншілер зейнет жасын төмендетуді сұрап, петиция жариялады

Олар зейнетке шығуды 50 жасқа дейін төмендетуді ұсынды

Мәди Саматұлы

  • 06.07.2024

«Қазақ көмір кәсіподақ» көмір өндірушілердің салалық кәсіподағы заңнамаға жерасты кәсіптері бойынша жұмыс істейтіндердің зейнетақы төлемдерінің лайықты деңгейін қамтамасыз ете отырып, зейнет жасын 50 жасқа дейін қысқарту бойынша өзгерістер енгізуді сұрайды, деп хабарлайды Malim.kz.

Осындай мүддемен онлайн-петиция жариялады. Онда кәсіподақ түрлі дәйек келтіреді. Мәселен, 1998 жылдан бері жеңілдетілген зейнетақы жүйесінің жойылуына байланысты жер астында 20-30 жылдап жұмыс істеген кеншілер денсаулығына зиян келетініне қарамастан жұмысын әрі қарай да жалғастыра береді.

2006 және 2017 жылдары «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің шахталарында болған еңбек даулары кезінде де кеншілер қойған негізгі талаптардың бірі зейнет жасын қысқарту болды.

Кеншілердің зейнеткерлік жасын төмендету мәселесін көтере отырып, кәсіподақ мына дәйектерді ескеруді сұрайды:

- статистикалық мәліметтерге сәйкес, өлімге, жарақат алуға және кәсіптік ауруларға әкеп соқтыратын өндірістегі жазатайым оқиғалардың жалпы санында ең үлкен үлес көмір өнеркәсібінде;

- азаматтардың жекелеген санаттары бойынша жеңілдікті зейнеткерлікке шығу туралы бұрын қабылданған оң шешімдер көмір өнеркәсібі қызметкерлеріне қатысты осындай шешімнің қабылдану мүмкіндігін растайды.

Фото: Almaty.tv

Байланысты жаналықтар

Қазақстанда зейнетке 50 жаста шығуға болады

04.11.2024

Дәрігерлер шахтада уланған азаматтың жағдайы туралы айтты

07.10.2024

«Қазақмыстың» екі қызметкері қайтыс болды

07.10.2024

Жамбыл облысындағы кен орнында жұмысшы қаза тапты

23.09.2024

Шахтадағы жарылыс: Жамбыл облысында жұмысшы үйінді астында қалды

19.09.2024

ШҚО шахтасындағы қайғылы оқиғаға қатысты арнайы комиссия құрылды

01.09.2024
MalimBlocks
Қазақстанда зейнетке 50 жаста шығуға болады

Дәрігерлер шахтада уланған азаматтың жағдайы туралы айтты

«Қазақмыстың» екі қызметкері қайтыс болды

Шахтада көміртегі газы бөлінген

Жамбыл облысындағы кен орнында жұмысшы қаза тапты

Шахтадағы жарылыс: Жамбыл облысында жұмысшы үйінді астында қалды

ШҚО шахтасындағы қайғылы оқиғаға қатысты арнайы комиссия құрылды

Комиссия құрамына бірнеше мекеме өкілі кірді