Кимешек киіп «Ирина Кайратовнаның» әніне билеген әже жұрттың талқысына түсті
Пікір жазушылардың бірі кейуананың әрекетіне тамсанса, енді бірі жат қылығы үшін сынап жатыр.
Әлеуметтік желіде кимешек киген әженің биі көпшіліктің талқысына түсті. Пікір жазушылардың бірі кейуананың әрекетіне тамсанса, енді бірі жат қылығы үшін сынап жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.
Кадрда қарт кісі жастармен бірге «Ирина Кайратовна» тобының әніне билеп жүр. TikTok желісінде жүктелген видео 600 мыңнан астам қаралым жинап, 60 мыңнан астам адам лүпіл басқан.
«Сен 22-ге келіп шаршап жүрсің», - деп жазған видео авторы.
«Өскенде осындай апа боламын», «Кезінде биді жақсы билеген апа сияқты ғой», «Бренд сөмкесін айтсайшы», «Апа ырғақты сезініп билеп тұр ғой», «Мына апаны кәрі деуге бола ма», «Осы тойда мазақ болуды қою керек қой», «Кимешек киіп, мына би не масқара», - деп жазған пікір қалдырушылар.
Фото: tiktok.com/@r.o.u.z.i/video