Көлік министрлігі желіде жарияланған «қара жәшік жазбаларына» түсініктеме бермейтінін мәлімдеді

Желіде «қара жәшік жазбаларының» күмәнді мәтіні жарияланған еді

Мәди Саматұлы

  • 16.01.2025

Ақтау маңында құлаған ұшақтың «қара жәшігінің жазбалары» делінген дерек әлеуметтік желіде жарияланды. Соған байланысты Көлік министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Министрліктің мәлімдеуінше, Авиациялық оқиғаның себебін анықтау жөніндегі арнайы комиссиясының жұмысы жалғасып жатыр. Алдын ала есеп жарияланғанға дейін комиссия ресми дереккөзі жоқ ғаламторда жарияланған дерекке түсініктеме бермейді.

Естеріңізге сала кетейік, Комиссия ҚР заңнамасының талаптарына және ИКАО-ның 13-қосымшасының талаптарына сәйкес алдын ала есеп жариялайды. Онда тергеу барысы және тергеу нәтижесінде анықталған нақты ақпарат болады.

Айта кетейік, бұған дейін Baza телеграм-арнасы апатқа ұшыраған AZAL ұшағының ұшқыштары мен диспетчерлер арасындағы әңгіменің «толық стенограммасын» жариялаған еді. Ондағы жазбаға қарағанда, Грозныйға қонбау, Махачқалаға ұшпау, содан кейін қайтадан Бакуге ұшу және нәтижесінде Ақтауға бағыт алу туралы барлық шешімді экипаж өз бетінше қабылдаған.

Диспетчерлер алдымен Грозныйға, содан кейін Махачқалаға қонуды ұсынған, сондай-ақ, Ресейдің басқа әуежайлары туралы деректер берген. Бірақ экипаж бұл жерлерге қонбау туралы шешім қабылдаған. Сонымен қатар, жазбаларға сәйкес, құстармен соқтығысу, сондай-ақ, борттағы газ баллонының жарылуы туралы нұсқаны диспетчерлермен сөйлесу кезінде экипаждың өзі айтқан. Жазбалардан ұшаққа сыртқы әсер болғаны байқалғанымен, ұшқыш бортта төтенше жағдай жарияламаған.

Фото: ТЖМ

Байланысты жаналықтар

Тоқаев көлік министрін қабылдады

10.04.2025

Ақтаудағы концертте ән айтқан Kalifarniya сынға қалды

07.04.2025

"Пышақ сұғылған". Димаш Құдайберген қатысқан мерекелік шарада төтенше жағдай болды

06.04.2025

Қалаларда құрылыс материалдарының бағасы күйіп тұр

06.04.2025

Ақтауда із-түзсіз жоғалған ер адам 8 күннен бері іздестіріліп жатыр

24.03.2025

Ақтауда жағалаудағы кафенің бірінде өрт шықты

23.03.2025
MalimBlocks
Тоқаев көлік министрін қабылдады

Мемлекет басшысы көлік министрін қабылдады

Ақтаудағы концертте ән айтқан Kalifarniya сынға қалды

Әншінің дауысы шықпай қалған.

"Пышақ сұғылған". Димаш Құдайберген қатысқан мерекелік шарада төтенше жағдай болды

Маңғыстау облыстық жедел жәрдем станциясы "Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы" атты ауқымды кеш кезінде жағалаудан қанша шақыру түскенін айтты

Қалаларда құрылыс материалдарының бағасы күйіп тұр

Кірпіш бағасы еліміз бойынша ең қымбат, яғни, 500 данасы орта есеппен 75 000 теңге тұрады

Ақтауда із-түзсіз жоғалған ер адам 8 күннен бері іздестіріліп жатыр

Ақтауда із-түзсіз жоғалған ер адам 8 күннен бері іздестіріліп жатыр. Ерлан Есмагамбетов Кендерлі демалыс базасы маңында жоғалып кеткен. Ер адамды іздеуге Lider.kz іздестіру-құтқару қозғалысының еріктілері қосылды,

Ақтауда жағалаудағы кафенің бірінде өрт шықты

Ақтауда жағалаудағы кафенің бірінде өрт шықты