«Конвеллдің атақ-даңқынан үркіп отырған жоқпын»

Malim Админ

  • 11.03.2020

- БҰЛ АЗУЛЫ АМЕРИКАЛЫҚ БОКСШЫМЕН ЖҰДЫРЫҚТАСУҒА НЕГЕ КЕЛІСТІҢ?

- Атышулы америкалық боксшыны таңдау себебіміз ол әлемдік рейтингте өте жоғары тұр. Менеджерім Эгис Климас хабарласып “Чарльз Конвеллден жүрексініп ешкім айқасқа шықпай жатыр екен, сен жұдырықтасуға дайынсың ба?", - деп сұрады. Мен ойланбастан келісім бердім.

- МҮМКІН ЖЕКПЕ-ЖЕК ҮШІН САҒАН ТӨЛЕНЕТІН АҚША ҚОМАҚТЫ ШЫҒАР?

- Қазіргі таңда екі тарап келісім-шартты талқылау үстінде. Таяу күндері қол қоямыз. Бірақ бұл жекпе-жекте маған төленетін ақша аз. Мен қомақты ганорар үшін емес, кәсіпқой рингте жеңіліп көрмеген шын мықтымен күш сынасу мақсатында осы ұсынысты қабыл алдым.

- ДЕМЕК, МАДИЯР АШКЕЕВ КӘСІПҚОЙ МАНСАБЫНДАҒЫ ЖАҢА БЕЛЕСІНЕ ШЫҚТЫ МА?

- Жоғары деңгейде жұдырықтасу үшін тек мықтылармен айқасу маңызды. Менің кәсіпқой мансабымдағы ең басты кездесудің бірі осы болмақ. Бабамыз жаудан қайтпаған батыр болса, бейбіт заманда рингте жүрген ұрпағы да қарсыластан жасқану дегенді білмейміз. Намысты бермеу қазақтың қанында бар дүние. Бұл мүмкіндікті жібергім келмеді.

- ЧАРЛЬЗ КОНВЕЛЛДЫҢ БЫЛТЫР НОКАУТҚА ҚҰЛАТҚАН ҚАРСЫЛАСЫ ҚАЙТЫС БОЛДЫ ЕМЕС ПЕ?

- Менеджерім Эгиске қарсы тарап қандай талаптар қойса да айқасқа шығуға дайынмын дедім. Чарльз Конвелл былтыр қазан айында Патрик Дэй есімді азулы америкалық былғары қолғап шеберін нокаутқа құлатқан еді. Төрт күн ес-түссіз ауруханада жатқан Патрик кейін қайтыс болды. Кәсіпқой бокстың қатерлі спорт екендігін осыдан-ақ ұғуға болады. Дегенмен, бұл жайт маған еш қорқыныш тудырмайды. Мен үшін бүгінгі күннің майданы - рингте айқасып мықтылығымды дәлелдеу.

Чарльз Конвелл (11-0-8КО)

- ӨЗІҢНЕН ОН ЖАС КІШІ ҚАРСЫЛАСҚА ҚАЛАЙ ДАЯРЛЫҚ ЖАСАП ЖАТЫРСЫҢ?

- Жаттығу жиындары ойдағыдай өтіп жатыр. Тыңғылықты даярлық жасаудамын. Қарсыласым Чарльз Конвелл менен 9 жас кіші. Күш-жігері жалындап тұрған бұл боксшыны ауыздықтау оңайға түспейтіні анық. Америкалық өзінің мықтылығына сенсе, мен осы күнге дейін жинаған тәжірибем мен қазақ бокс мектебінің техникасына сенемін. Ең бастысы алғашқы раундтарда тегеурінді соққылармен қарқынын басып, айлаға да салып көреміз. Ол Boxrec сайтының рейтингінде 22-ші орында тұр. Егер жеңіске жетсем чемпион атану дейтін арманыма бір табан жақындай түспекпін. Ұтқан жағдайда АҚШ аумағында атақ-абыройым да артатын болады.

- ҚАРСЫЛАСЫҢ ЖАЙЛЫ ПІКІРІҢ ЖӘНЕ БҰЛ ТИТУЛДЫ ЖЕКПЕ-ЖЕК БОЛМАҚ ПА?

- Чарльз - олимпиадаға қатысқан, WSB тұжырымында екі жеңіске жеткен, көптеген турнирлердің жеңімпазы атанған тәжірибелі боксшы. Атақ-даңқынан үркіп отырған жоқпын. Керісінше қосымша күш-жігер аламын. Жекпе-жек АҚШ-тың Небраска штатындағы Гранд-Айленд қаласында 10-сәуір күні өтеді. Екеуміздің кездесуіміз сол кештің басты жекпе-жегі болады. Яғни, таяу уақытта қандай титулдың бәске тігілетінін де ресми жариялаймыз.

Сұхбаттасқан Серік НОЯН

Байланысты жаналықтар

Қазақстан боксшылары Ташкентте 4 алтын иеленді 

14.05.2023

Ташкенттегі әлем чемпионаты.  Қос боксшы жартылай финалда 

10.05.2023

Данияр Елеусінов спорттан кетуіне кінәлілерді атады       

11.01.2023

Алматы. "Қуатты өңірлер" бірнеше бағытта дамиды

21.09.2022

Тарысы піскеннің тауығы: Боранбаев «асыраған» әртістер

09.04.2022

Марат Жақиев: Әлем чемпионатының алдында Бек Нұрмағанбетті жарысқа қатыстыру керек еді...

05.11.2021
MalimBlocks
Қазақстан боксшылары Ташкентте 4 алтын иеленді 

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында жалпы командалық есепте Өзбекстаннан кейін  екінші орынға тұрақтады

Ташкенттегі әлем чемпионаты.  Қос боксшы жартылай финалда 

Ширек финалдық сында бапкерлер сенімін толық ақтады

Данияр Елеусінов спорттан кетуіне кінәлілерді атады       

Мені жекпе-жекке шығармай ұстады

Алматы. "Қуатты өңірлер" бірнеше бағытта дамиды

Тарысы піскеннің тауығы: Боранбаев «асыраған» әртістер

Олар Қайратты «Құдай берген таланттың ұшқынын көруші» дейді.

Марат Жақиев: Әлем чемпионатының алдында Бек Нұрмағанбетті жарысқа қатыстыру керек еді...