KPI енгізіледі: Бектенов әкімдердің жұмысын қалай бағалайтынын айтты

Үкімет басшысы өңір әкімдеріне орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп әр отбасымен жеке жұмыс жүргізуді әрі «дағдарыс» және «шұғыл» санаттардағы отбасыларды қамтамасыз етуді тапсырды.

Берік Дәулетов

  • 29.07.2024

Үкімет басшысы Олжас Бектенов тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту критерийі бойынша әкімдердің нақты жұмысына KPI енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол үшін «Отбасының цифрлық картасы» платформасы негізінде 5 санат бойынша барлық қазақстандық отбасының әл-ауқатына тұрақты мониторинг пен талдау жүргізіледі. Отбасылардың қанағаттанарлықсыз санаттан жақсаруға көшу динамикасына және керісінше көрсеткішке байланысты жергілікті атқарушы органдардың жұмысы бағаланады.

Бүгінгі таңда Отбасының цифрлық картасының қазіргі нәтижелерін БҰҰ мен жетекші халықаралық институттар оң бағалады.

Әкімдерге бұл құралды орта және ұзақ мерзімді шараларды жоспарлап, іске асыру үшін қажетті негізгі нұсқаулық ретінде пайдалану тапсырылды. Мұқтаж отбасылардың өмірде қиын жағдайға тап болу қаупінің алдын алу мақсатында, сондай-ақ кедейлікті, жұмыссыздықты, халықтың жасырын жұмыспен қамтылуын азайту үшін оларды белсенді түрде анықтау қажет.

Үкімет басшысы өңір әкімдеріне орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп әр отбасымен жеке жұмыс жүргізуді әрі «дағдарыс» және «шұғыл» санаттардағы отбасыларды қамтамасыз етуді тапсырды.

Мемлекет басшысының алдымызға қойған міндеті – еліміздегі өмір сапасын жақсарту. Тетік бар, мемлекеттік қолдау шаралары жұмыс істейді, мемлекет қажетті қаражатты бөледі. Біз әкімдердің адамдардың әл-ауқатын жақсартуға қосқан үлесін нақты бағалау критерийіне көшеміз. Индикаторлардың орындалу мониторингі тұрақты болады. Біз онлайн режимінде динамиканы көріп, қорытынды жасаймыз, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

«Әлеуметтік әмиян» жобасы қаралды. Бүгінгі таңда Әлеуметтік әмиян арқылы тұрғындарға пилоттық режимде мектептерде тегін және жеңілдікпен тамақтану, дәрі-дәрмек ұсынылады.

Үкімет басшысы мемлекеттік органдарға әлеуметтік әмиянға және Цифрлық картаға түсетін деректердің өз саласы мен бағыты бойынша дәлдігі мен дұрыстығын қамтамасыз етуді тапсырды.

Фото: Үкімет

Байланысты жаналықтар

Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

17.05.2025

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

17.05.2025

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

17.05.2025

Олжас Бектенов Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

16.05.2025

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

15.05.2025

Мыңнан аса қызметкер жалақысыз жұмыс істеген

14.05.2025
MalimBlocks
Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

Жасанды интеллект пен Big Data-ны пайдалану арқылы егістік алқаптары мен мал шаруашылығын тиімді басқаруға мүмкіндік туды

Олжас Бектенов Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

Мыңнан аса қызметкер жалақысыз жұмыс істеген