«Мас болып, клубтарда жүретін»: Қоғам белсендісі марқұм Салтанат Нүкеноваға тіл тигізді
Ол Нүкенованың қайтыс болуына тек өзі кінәлі екенін айтқан
Әлеуметтік желіде жарияланған Салтанат Нүкенованы қаралаған жазба көпшіліктің ашуын туғызды, деп хабарлайды Malim.kz.
«Асар-Үме» атты қайырымдылық қордың еріктісі Елжас Шора экс-министрдің қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенованының ішкілікке салынып, мас боп жүргенін айтады.
«Өкінішке қарай, арақ-шарап ішетін, темекі шегетін әйел кісілер бар. Клубта істейтін таныс жігіт Салтанат министрдің әйелі бола тұра қысқа көйлек киіп, мас болып, клубтарда жүретін дейді. Аллаһ кешірсін, қатты айтсам, ақиқатты айту керек. Әрине бұл ажал. Осы өлімге күйеуін итермелеген Салтанаттың өзі деп ойлаймын... Салтанаттың жағдайы барша әйелге сабақ болсын», - деп жазған ол.