Маусым айында Қазақстанда ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" 2025 жылдың маусым айына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады Malim.kz.
Синоптиктер жаздың алғашқы айында Қазақстан аумағында тұрақсыз ауа райы болады деп отыр. Найзағайлы жаңбыр, қатты жел, шаңды дауыл, аптап ыстық пен температураның күрт ауытқуы күтіледі.
Маусымның алғашқы онкүндігінде еліміздің барлық өңірінде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, кей жерлерде бұршақ жаууы және шаңды дауыл болуы мүмкін. Атмосфералық фронттар салдарынан кей күндері салқын атлантикалық ауа массалары келіп, ауа температурасы төмендейді.
Батыс және оңтүстікте күндіз +30…+38°С, кей күндері +43°С-қа дейін, түнде +18…+28°С. Ай соңына қарай күндізгі температура +28…+33°С-қа төмендейді.
Солтүстік пен орталықта түнде +10…+15°С, кейде +7°С-қа дейін, күндіз +18…+30°С, ыстық күндері +35°С-қа жетеді.
Шығыста түнде +10…+15°С, күндіз +22…+30°С. Маусым ортасында сәл салқындауы мүмкін.
Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста (Алматы, Жетісу) күндіз +30…+35°С, таулы аудандарда +20…+25°С, түнде +15…+20°С, таулы аймақтарда +7…+12°С.
Айдың екінші және үшінші онкүндігінде батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде +33…+40°С, кей жерлерде +43°С-қа дейін көтеріледі.
Синоптиктер тұрғындарға ауа райының күрт өзгерістеріне дайын болуды, ал аптап ыстықта қауіпсіздік шараларын ұстануды ескертеді.
Фото: freepik.com

Самое читаемое
