Таразда жеті қыз тоғызыншы сынып оқушысын соққыға жықты деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Malim.kz ҚазТАГ агенттігіне сілтеме жасап.
«Төбелестің барлық қатысушылары анықталып, полицияға жеткізілді. Мектеп оқушыларының ата-аналары кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін жауапқа тартылды. Сондай-ақ жасөспірімдердің іс-әрекеті кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысында қаралып, нәтижесінде олар профилактикалық есепке қойылды», - деп хабарлады Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған.
«Қазіргі уақытта барлық жағдайлар мен себептерді жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Нәтижесі бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады», - деп мәлімдеді полиция.
Бұған дейін Атырауда 19 жастағы қызға жасалған қатыгез шабуыл бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқанын жаздық.