freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Қауіп туындауы мүмкін". Иран елшісі Таяу Шығыстағы жағдайдың Қазақстанға әсерін айтты

Саясат
"Қауіп туындауы мүмкін". Иран елшісі Таяу Шығыстағы жағдайдың Қазақстанға әсерін айтты
Sputnik / Санат Имангалиев

Иранның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Али Акбар Джоукар Таяу Шығыстағы әскери оқиғалар аясында Қазақстан мен Орталық Азия үшін болуы мүмкін қауіптер туралы сұраққа жауап берді. Дипломаттың айтуынша, қазіргі уақытта мұндай қауіптер жоқ, деп хабарлайды  Malim.kz Tengrinews.kz-ке сілтеп. 

Баспасөз конференциясы кезінде журналистер дипломаттан соғыс Қазақстан шекарасына дейін таралуы мүмкін бе деген сұрақ қойды.

«Қазақстан үшін ешқандай қауіп жоқ. Тек болашақта, егер Иранда елеулі тұрақсыздық немесе жаппай тәртіпсіздіктер орын алса, Орталық Азия өңірі үшін қауіп туындауы мүмкін. Мұндай жағдайда Таяу Шығыстан экстремистер мен террористердің ену қаупі пайда болуы ықтимал», — деді Джоукар.

Елші бүгінгі күні мұндай қауіп-қатер байқалмайтынын атап өтті.
«Бақытымызға қарай, Ирандағы билік өз орнында тұрған кезде Қазақстан мен Орталық Азия үшін ешқандай қауіп жоқ», — деп атап өтті елші.

Журналистер дипломаттан сондай-ақ Каспий теңізіндегі кеме қатынасының қауіпсіздігі туралы және оны қорғау үшін Иран қандай да бір шаралар қабылдап жатыр ма деген сұрақ қойды.

Али Акбар Джоукардың айтуынша, Каспий теңізіндегі қауіпсіздікті жағалауда орналасқан мемлекеттердің өздері қамтамасыз етуі тиіс.

АҚШ пен Израильдің Иранға шабуылы

Еске сала кетейік, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы операция бастады. Тель-Авив бұл операцияның мақсаты — Тегеранның ядролық қаруға қол жеткізуіне жол бермеу екенін мәлімдеді. Вашингтон Иранның флотын, қорғаныс өнеркәсібін жоямыз деп қорқытып, ел азаматтарын билікті құлатуға шақырды.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған шабуылдары салдарынан кемінде 1300 адам қаза тапқан, олардың ішінде жоғарғы көшбасшы Али Хаменеи де бар.

9 наурызда Сарапшылар кеңесі Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысының есімін жариялады. Ол — қаза тапқан көшбасшының ұлы Моджтаба Хаменеи болды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу