Мүгедектігі бар адамдардың тек 28 пайызы ғана жұмыспен қамтылған

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде бұл көрсеткіш 60-70%-дан төмен емес

Malim Админ

  • 31.10.2024

Бұл туралы Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев мәлім етті.

«Мүгедектігі бар адамдар халықтың экономикалық жағынан ең осал топтарының бірі болып табылады. Мемлекет тарапынан жұмыспен қамту шаралары қабылданғанына қарамастан, елдегі мүгедектігі бар адамдардың жұмыспен қамту деңгейі небәрі 28%-ды құрайды. Ал Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде бұл көрсеткіш 60-70%-дан төмен емес», - деді Асқарбек Ертаев.

Вице-министрдің айтуынша, көптеген кәсіпорындар мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасын сақтамайды және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етпейді.

«Еңбекке жарамдылықты қалпына келтіруді, жұмысқа орналасуды немесе жаңа кәсіпке оқытуды қамтитын кәсіби еңбек оңалтуы баяу дамуда. Жұмысқа орналасудағы кедергілерге бейімделген жұмыс орындарының болмауы, тиісті білім мен тәжірибенің жеткіліксіздігі, төмен жалақы кіреді. Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру шараларын әзірлеу аясында олардың еңбек құқықтарын реттеу, сақтау және қорғау бойынша нормативтік-құқықтық база қайта қаралатын болады. Бизнеске әлеуметтік жауапкершілікті арттыру және мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін жұмыс берушілерге квотаны орындамаған жағдайда бюджетке өтемақы төлемдерін енгізу механизмі қарастырылуда», - деп түйді сөзін спикер.

Бұған дейін қазіргі таңда елімізде 732 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тұратыны айтылды. Осы орайда мүгедектік бойынша әлеуметтік жәрдемақылар төлеміне 2024 жылы мемлекеттік бюджеттен 624,1 млрд теңге бөлінген.

Сондай-ақ, 2030 жылға дейінгі Инклюзивті саясат тұжырымдамасы әзірленді.

Фото: Almaty.tv  

Байланысты жаналықтар

Кәрім Мәсімовтің зәулім үйі Астана әкімдігіне берілетін болды

28.04.2025

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 12-ші хат

19.04.2025

Атаулы әлеуметтік көмек алу ережелері өзгертілмек

17.04.2025

Орнықты даму жолындағы оң өзгерістер 

18.03.2025

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 5

31.01.2025

Павлодарда мүмкіндігі шектеулі жандарға зәбір көрсеткен пансионат анықталды

14.01.2025
MalimBlocks
Кәрім Мәсімовтің зәулім үйі Астана әкімдігіне берілетін болды

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 12-ші хат

Күнi eртeң oлар мұнай, алтын, фoсфoр, мыс сeкiлдi сапасы да, бағасы да жoғары өнiмдeрдi жанын салып өндiрe бастаған сoң (oларға жeңiлдiк мoл) шаш-eтeктeн байлыққа батады. Eртeң oл кeн oрындарының қазынасын түгeл қoпарып, суалған сиыр сeкiлдi қаңыратып кeтпeсe бoлды.

Атаулы әлеуметтік көмек алу ережелері өзгертілмек

Орнықты даму жолындағы оң өзгерістер 

Соңғы алты жылда сыртқы сауда айналымы бір жарым есеге, 94,8 миллиард доллардан 141,4 миллиард долларға дейін өскен

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 5

1990 жылы Қазақстанда мұнай – 22 миллиoн тoнна eдi, eндi 14 миллион тoнна ғана бoлып oтыр, көмiр – 131 миллиoн тoнна eдi, eндi 50 миллиoн тoнна айналасында

Павлодарда мүмкіндігі шектеулі жандарға зәбір көрсеткен пансионат анықталды

Онда үнемі ұрып-соғып отырған