Мұнай қымбаттады. Доллар неге арзандамайды? Сарапшы жауабы

Елнұр Бақытқызы

  • 15.10.2021

Мұнай баррелінің бағасы соңғы үш жылда бұрын-соңды болмаған меже – 84 долларға жетті. Алайда бұл теңге бағамы айтарлықтай әсер етпей тұр. Бүгін таңертең Қазақстан қор биржасындағы доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 425,63 теңгеге жетті.

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова "Капитал" басылымына берген сұхбатында мұнайдың бағасы теңгеге қолдау көрсеткенімен, "шетелдік валютаға жоғарғы ішкі сұраныс және жаһандық қаржы нарықтарындағы күшті теріс сентимент теңге серпініндегі басым факторларға айналғанын" айтты. Оның айтуынша, импорттың өсуі теңгенің күшеюін тежеп отыр.

Доллар қандай жағдайда арзандауы мүмкін? Теңге бағамын тежейтін факторлар қандай? Қаржы сарапшысы Расул Рысмамбетовке осы сұрақтарды қойып көрдік.

– Мұнай баррелінің бағасы 84 долларға жетті. Бұрын мұнай бағасы көтерілсе, теңге ревальвациясы болатын. Бұл жолы мұнай бағасының өсуі теңге бағамына неліктен айтарлықтай әсер етпей отыр?

– Мұнай бағасының өсуі әзірге қысқа мерзімді сипатта болып тұр. Егер мұнайдың бағасы бір тоқсан бойы жоғары күйінде сақталса және біздің мұнайдың орташа жылдық бағасы жоғары болса, онда теңге күшейеді деп күтуге болады. Ал қазір экономика құрылымы өзгеріп, импортқа тәуелділік артты. Сондықтан мұнай экспорты арқылы түсетін доллардың бәрін азық-түлік, киім-кешек, көлік сатып алуға жұмсап жатырмыз. Ерте ме, кеш пе, мұнайдан түсетін бүкіл табысты осылайша жұмсап жіберіп, ұстап қоятын күйге түсетініміз анық еді. Өйткені өндірісіміз өте әлсіз. Бұл енді үкіметтің мойнындағы нәрсе.

– Теңге күшеюі үшін мұнай бағасы қаншалықты жоғары болуы керек?

– Brent маркілі мұнай баррелінің жылдық орташа бағасы 60 доллардан жоғары, ал Қазақстан сататын мұнай баррелінің бағасы 30 доллардан жоғары болуы тиіс. Өйткені Қазақстан өз мұнайын биржадағы қазіргі мұнай бағасымен сатып жатқан жоқ. Тасымалдауға кететін шығын мен біздің мұнайдың классикалық Brent емес, оған ұқсас мұнай екенін ескеру керек. Сондықтан биржадағы Brent баррелі 84 доллар болса, біз бір баррель үшін одан әлдеқайда аз табамыз. Сол себепті үкімет біз мұнайды қаншаға сатамыз, бір баррельден қанша табыс табамыз және ол қайда кетіп жатқаны жайлы мәліметтерді ашуы керек.

Ал қазір экономикадағы құрылымдық өзгерістер кесірінен, яғни импортқа қатты тәуелді болғандықтан, жоғарыда айтқанымдай, біз ол ақшаны жұмсап қойып жатырмыз. Бұрын мұнайдан түскен ақшаны алтын-валюта резервіне, Ұлттық қорға жинай алсақ, қазір ол жоқ. Сырттан тауар сатып аламыз, оның үстіне жақында он ұлттық жоба іске қосылды. Ол жобаларға тағы кемінде 20-30 миллиард доллар жұмсалатын шығар.

– Бәлкім, доллардың қымбат, теңгенің арзан болғаны бюджет жыртығын жамайтын үкіметке тиімді шығар? Өзіңіз білетіндей, соңғы жылдары Ұлттық қордан бюджетке бағытталатын трансферттер өсті. Былтыр Ұлттық қордан бюджетке 6 триллион теңге алынды.

– Иә, біз тек алтын-валюта қорын ғана емес, Ұлттық қор қаржысын да ұстап, жұмсап жатырмыз. Үкімет немесе Ұлттық банк қандай да бір күштік тәсілдер арқылы теңге бағамын өзгерте алады деп ойламаймын. Бәлкім, үкіметке арзан теңге тиімді шығар. Бірақ үкімет пен Ұлттық банк ұзақ уақыт оны қолдан ұстап отыра алмайды, ұстап тұратындай біздің резервтер көп емес. Бұл жерде қандай да сөз байласып, қолдан ұстап тұру туралы сөз болып тұрған жоқ. Бұған экономиканың объективті заңдары әсер етіп жатыр. Экономикамыз әлсіз, ақша тапсақ, оны сол мезетте жұмсап тастаймыз.

– Ақпан айында біздің басылымға берген сұхбатыңызда бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында белгілі бір шектік сомадан көп ақша жинаған халыққа оны баспана сатып алуға жұмсауға рұқсат ету жайын талқылаған едік. Сол кезде тұрғын үй нарығындағы баспана бағасы біртіндеп өсе бастағаны белгілі. Сіз "әзірге үй сатып алмаған дұрыс, әлі 5-6 ай күту керек, баға тұрақталады" дегенсіз. Тұрғын үй салынып, нарықта бос тұрған баспана артатындықтан, Алматыда пәтер жалдау ақысы арзандайды деп топшыладыңыз. Алайда бұл болжам орындалмады, тұрғын үй бағасы әлі де ұшып тұр, ал жалдау ақысы тіпті аспандап кетті.

– Меніңше, келесі жылы баға тұрақталады. Қазір құрылыс қарқынды жүріп жатыр, баға сол құрылыс аяқталып, пайдалануға берілгенде тұрақталуы тиіс. Келесі жылы жазға қарай ол құрылыс нысандарының көпшілігі аяқталады. Тұрғын үй бағасының долларға шаққандағы бағасы тұрақталады. Бірақ теңге әлсіресе, баспананың теңгедегі бағасы бәрібір өседі. 

Жалға алу бағасы, меніңше, келесі жылы төмендейді. Алматы – университеттер қаласы. Студенттер офлайн оқуға көшкен соң, жалға алу ақысы көтерілді.  "Крыша" сайтына пәтерді жалға беру жайлы жарнама ілінсе, ол пәтер екі сағаттың ішінде өтіп кетеді.  Тағы бір ескеретін нәрсе, экономикадағы ахуал нашарлап жатқандықтан, пәтер иелері жұмыстан айырылады, жалақысы төмендейді. Сөйтіп, ақша табу үшін жалдамалы пәтер ақысын қымбаттады.

Фото: matrica.kz

Байланысты жаналықтар

Су тасқыны: Қостанай облысында зардап шеккен тұрғындар жаңа пәтерлерге ие болды

18.04.2024

Загадка нашатыря. Помешал ли Путин Бишимбаеву?

18.04.2024

Атырауда жағалаудағы үйлердің тұрғындары дамбы құрылысына кедергі келтіріп жатыр

18.04.2024

Елімізде мамырда күн 40 градусқа дейін ысиды

18.04.2024

«Су тасқынынан 7 адам қаза тапты»: ІІМ ақпаратты жоққа шығарды

18.04.2024

Бишімбаев пен Нүкенованың некесін қиған бас имам жазаланды

18.04.2024
MalimBlocks
Су тасқыны: Қостанай облысында зардап шеккен тұрғындар жаңа пәтерлерге ие болды

Жаңа қоныстанушыларды облыс әкімі Құмар Ақсақалов құттықтап, плазмалық теледидарлар мен кілемді сыйға тартты.

Загадка нашатыря. Помешал ли Путин Бишимбаеву?

В четверг, 18 апреля, на судебном процессе по делу экс-министра Куандыка Бишимбаева, обвиняемого в убийстве и истязаниях гражданской жены Салтанат Нукеновой, выступил врач-неонатолог Ерсултан Сарсенбаев. Ожидалось, что этот свидетель поможет понять, почему Бишимбаев и его брат Бахытжан Байжанов слишком долго не вызывали скорую помощь избитой Салтанат Нукеновой. Но вопросов стало еще больше.

Атырауда жағалаудағы үйлердің тұрғындары дамбы құрылысына кедергі келтіріп жатыр

Жайық өзені жағалауын бекіту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Елімізде мамырда күн 40 градусқа дейін ысиды

«Қазгидромет» РМК мамыр айында жазғы атмосфералық процестерге көшу барысы жүріп жатқанын мәлімдеді.

«Су тасқынынан 7 адам қаза тапты»: ІІМ ақпаратты жоққа шығарды

ІІМ ресми өкілі жалпы республика бойынша көктемгі су тасқыны аясында адам өлімінің бес фактісі тіркелгенін растады.

Бишімбаев пен Нүкенованың некесін қиған бас имам жазаланды

Қанат Қыдырмин бұрын Ақмола облысының бас имамы, «Әзірет Сұлтан» мешітінде наиб имам, ұстаз болып жұмыс істеген.