Олжас Бектенов Әзербайжан елшілігіне барып көңіл айтты

Malim Админ

  • 26.12.2024

Қазақстан Республикасының премьер-министрі Олжас Бектенов Әзербайжанның Астанадағы елшілігіне барып, Ақтау қаласының әуежайы маңында орын алған Az Airlines әуе компаниясына тиесілі Embraer 190 ұшағының апатына байланысты ашылған көңіл айту кітабына жазба қалдырды. 

26 желтоқсанда Әзербайжанда қаралы күн жарияланды. Қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. 

«Бұл қиын сәтте Қазақстан Үкіметінің және өз атымнан қаза тапқандардың отбасыларына, туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Орны толмас ауыр қайғыға ортақтасып, апат салдарынан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін, әзербайжан халқына сабыр мен төзімділік тілеймін.

Біз бауырлас Әзербайжанға тиісті көмек қолын созып, жан-жақты қолдау көрсетеміз», — деп жазды Олжас Бектенов.

Бұған дейін Премьер-министр қаза тапқан қазақстандықтардың туған-туыстарына көңіл айтып, зардап шеккен Әзербайжан, Ресей және Қырғызстан азаматтарына жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырған болатын. Ақтау қаласына келген қаза тапқан жолаушылардың отбасы мүшелеріне қажетті көмек көрсетілуде.

Фото: Үкімет

Байланысты жаналықтар

Темірхан Медетбек ғибратты ғұмырын ұлт руханиятына арнаған ақын - Тоқаев

10.05.2025

АҚШ-тағы Қазақстан елшілігі заңсыз жүрген азаматтарға үндеу жасады

07.05.2025

Тоқаев Сейіт Қасқабасовтың отбасына көңіл айтты

28.04.2025

Тоқаев Иран президентіне көңіл айтты

26.04.2025

Тоқаев жазушы Әкім Таразидің жақындарына көңіл айтты

22.04.2025

Тоқаев бірқатар елшілікте ауыс-түйіс жүргізді

07.04.2025
MalimBlocks
Темірхан Медетбек ғибратты ғұмырын ұлт руханиятына арнаған ақын - Тоқаев

АҚШ-тағы Қазақстан елшілігі заңсыз жүрген азаматтарға үндеу жасады

Тоқаев Сейіт Қасқабасовтың отбасына көңіл айтты

Тоқаев Иран президентіне көңіл айтты

Тоқаев жазушы Әкім Таразидің жақындарына көңіл айтты

Мемлекет басшысы жазушы, Қазақстанның Еңбек Ері Әкім Тарази дүниеден өтуіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

Тоқаев бірқатар елшілікте ауыс-түйіс жүргізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар елшілікте ауыс-түйіс жүргізді