Отбасыңызға уақыт бөлесіз бе? Сауалнама нәтижесі

Ата-аналардың балаларымен бірге уақыт өткізуіне кедергі келтіретін басты себеп – жұмысбастылық

Malim Админ

  • 29.08.2024

Елімізде ата-аналардың 45,5 пайызы үнемі балаларының қасында болады, ал 0,9 пайызы ешқашан бос уақытты балаларымен өткізбейді. Қазақстан қоғамдық даму институты жүргізген сауалнаманың нәтижесі осындай.


Сауалнамадағы ата-аналардың бос уақытты балаларымен өткізу жиілігі мынадай:  үнемі балалардың қасындамын - 45,5%; күн сайын бірге жиналуға тырысамыз - 17,7%; әр демалысты және мереке күндерін бірге өткіземіз - 13,5%;  тек мереке күндері бірге уақыт өткіземіз - 9,8%; аптасына 2-3 рет балалармен уақыт өткіземіз - 6,5%;  жылына бірнеше рет қана - 6,0%;  бос уақытты балалармен өткізбейміз - 0,9 %.

Ал отбасылық міндеттерді бөлу жағында сауалнама ерлі-зайыптылар арасында айтарлықтай ынтымақтастық бар екенін көрсетті. Мысалы, материалдық қамтамасыз ету негізінен бірлесіп жүзеге асырылады екен (45,8%), бірақ десе де ерлердің үлесі басым (50,4%). Ал отбасылық бюджетті басқару, балаларды күту, серуендеу, олардың бос уақытын ұйымдастыру, сондай-ақ қосымша үйірмелер мен балабақша, мектепке апару бірлесіп ұйымдастырылады. Дегенмен әйел адамдардың рөлі айқын.

Қазақстан қоғамдық даму институтының сарапшысы Арна Дүйсенованың айтуынша, бұл Қазақстан қоғамындағы гендерлік рөлдердің бөлінуіне байланысты болуы мүмкін.

- Біздің қоғамда балаларды тәрбиелеу функциясы көбіне әйелге, ал отбасын қамтамасыз ету ер адамға жүктелген. Сондай-ақ ерлердің жұмысқа орналасу деңгейі әйелдерге қарағанда біршама жоғары екенін атап өткен жөн. Сондықтан ер адамдар жұмыспен қамтылуына байланысты балаларға көңілін аз бөледі, - дейді сарапшы.

Ата-аналардың балаларымен бірге уақыт өткізуіне кедергі келтіретін басты себеп – жұмысбастылық (25%) және үй шаруасының көптігіне байланысты уақыт тапшылығы (10,6%). Ал сауалнамаға қатысқандардың 54,5 пайызы балаларымен көбірек уақыт өткізуге ештеңе кедергі келтірмейтінін көрсетті.

Сондай-ақ респонденттердің 55%-ы жұмысбастылыққа, жұмыс кестесінің қарбаластығына байланысты баланы тәрбиелеуге уақыттың жетіспейтіндігіне шағымданса, 45%-ы көп жағдайда баланы қарайтын адам жоқ екенін айтқан.

Фото: gazeta.ru

Байланысты жаналықтар

Қазақстанда неке қию көрсеткіші де күрт төмендеді

14.05.2025

14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмыспен қамтылды

13.05.2025

Аида Балаева: Репродуктивті денсаулықты басты құндылыққа айналдырайық!

12.05.2025

Алакөлден Бурабайға дейін: мемлекет балалардың жолақысын өтеп беретінін білесіз бе

09.05.2025

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

09.05.2025

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 13-14-ші хат

09.05.2025
MalimBlocks
Қазақстанда неке қию көрсеткіші де күрт төмендеді

14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмыспен қамтылды

Аида Балаева: Репродуктивті денсаулықты басты құндылыққа айналдырайық!

2025 жылғы 12–16 мамыр аралығында елімізде Репродуктивті денсаулық апталығы өтеді

Алакөлден Бурабайға дейін: мемлекет балалардың жолақысын өтеп беретінін білесіз бе

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

Өнер иесі әкесін соңғы сапарға шығарып салғанын жеткізді

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 13-14-ші хат

Мeмлeкeт басшыларынан бастап, жeргiлiктi əкiмтайға дeйiн қазақша сөйлeмeсe, бұл тiлдe рeсми құжаттар жүргiзiлмeсe – oның нeсi мeмлeкeттiк тiл?! Басқа-басқа, Кoнституцияның өтiрiк айтқаны – өлгeнi ғoй. Нe бoлмаса, Кoнституция қағидасын oрындамай oтырғандар oңбаған. Eкiнiң бiрi. Мiнe, бұл əдiлeтсiздiккe нeгiздeлгeн қoғамның нышаны