Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Павлодар мен Екібастұз қаласына жаңа жылдық безендіруге 80 млн бөлінеді

Қоғам
Павлодар мен Екібастұз қаласына жаңа жылдық безендіруге 80 млн бөлінеді

Жаңа жылды сән салтанатымен атап өткіш әкімдер бұл жолы да қомақты қаржы бөледі. Орталық коммуникациялар қызметінде Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Павлодар мен Екібастұз қалалары бойынша жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатынын айтты.  


Журналистер өңір басшысынан былтыр Павлодар облысына шырша сатып алуға 52 миллион теңге бөлінгенін, биыл жаңа жылдық безендірулерге кететін шығын қанша болатынын сұрады. Облыс әкімі жалпы қалаларға бөлінетін қаражат жыл сайын 50 мен 60 миллион теңгеннің шамасында екенін айтты.

"Мысалы Екібастұз қаласына 38 миллион берілсе, Павлодарға 52 миллион бөлінеді. Соның ішінде мұз қалашығына және көшелерді жарықтандыруға, безендіруге жыл сайын осындай қаражаттар кетеді. Негізі біздің облысымыз солтүстікте орналасқасын, жаз уақыты өте қысқа болады. Сол себепті халықтың көңілін көтеруге және жақсы, жайлы жерлерді ұйымдастыруға да мүмкіндіктер шектеулі. Сондықтан біз безендіруге, қаланы абаттандыруға да қаражат бөліп жүрміз", – деді Павлодар облсының әкімі Асайын Байханов.

Фото: beeline.pavon.kz  

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу