Қарлы боран, аяз: Cиноптиктер 15 өңірде ескерту жариялады

Malim Админ

  • 18.12.2024

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 18 желтоқсанда Алматыда, Астанада, Шымкентте және 15 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады. 


Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20, Алакөл көлдері аудандарында кей уақыттарда 23-28 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында 25-27 градус қатты аяз күтіледі.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында кей уақыттарда екпіні 17-22 м/с. Қонаевта оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 17-22 м/с.

Алматыда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ұлытау облысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Жезқазғанда жаяу бұрқасын күтіледі. Тұман.

Қарағанды облысында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Қарағандыда жаяу бұрқасын күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Оралда көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Қызылорда облысының батысында, орталығында көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылордада жел оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, Жарма ауданында екпіні 23 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстік-шығысында екпіні 15-18 м/с.

Маңғыстау облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауыспалы жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. Ақтауда оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауыспалы жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде жаяу бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қостанайда жаяу бұрқасын күтіледі.

Ақтөбе облысында бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстістігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Ақтөбеде түнде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел, оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні 16 м/с.

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Атырауда түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавлда жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Облыстың тау асуларында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. Түркістанда таңертең және күндіз көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман.

Шымкентте 18 желтоқсанда таңертең және күндіз көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман.

Астанада 18 желтоқсанда күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, облыстың солтүстігінде кей уақыттарда екпіні 25 м/с. Көкшетауда оңтүстіктен жел соғады, күндіз екіпіні 15-20 м/с.

Фото: Gov.kz 

Байланысты жаналықтар

Елімізде ауа райына байланысты ескерту жасады

18.12.2024

Павлодарда мұғалімді балағаттаған оқушының ата-анасы жауапқа тартылды

18.12.2024

Қазақстан 14 жылға созылған Стати дауын толық шешті

18.12.2024

Жетісу облысында 7 жыл іздеуде жүрген учаскелік полиция сотталды

18.12.2024

"Алматы метросын Қытай банкі салады". Досаев депутат Мақсат Толықбайдың сөзін жоққа шығарды

18.12.2024

Қазақстандық жас шахматшылар блицтен әлем чемпионы атанды

17.12.2024
MalimBlocks
Елімізде ауа райына байланысты ескерту жасады

Павлодарда мұғалімді балағаттаған оқушының ата-анасы жауапқа тартылды

Қазақстан 14 жылға созылған Стати дауын толық шешті

Жетісу облысында 7 жыл іздеуде жүрген учаскелік полиция сотталды

"Алматы метросын Қытай банкі салады". Досаев депутат Мақсат Толықбайдың сөзін жоққа шығарды

Қазақстандық жас шахматшылар блицтен әлем чемпионы атанды