Қазаэронавигация Air Astana және SCAT әуекомпанияларымен ынтымақтастық туралы шартқа қол қойды

«Қазаэронавигация» РМК еліміздің жетекшіавиатасымалдаушылары –
«Air Astana» және «SCAT» компанияларыменстратегиялық ынтымақтастық туралы шартқа қолқойды, - деп хабарлайды Мalim.kz тілшісі.
Мұндағы негізгі мақсат – ҚазақстанРеспубликасындағы әуе қозғалысы қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыру үшін ұшқыш пенавиадиспетчер арасындағы өзара байланысты нығайту.
Жасалған шарт аясында ауқымды тәжірибе алмасубағдарламасы бастау алмақ. 2025 жылдың соңынадейін бұл бастамаға «Air Astana» авиакомпаниясының 500-ден астам ұшқышы, «SCAT» компаниясының 50 ұшқышы, сондай-ақ«Қазаэронавигация» кәсіпорнының кемінде 200 авиадиспетчері қатысады. Екі тараптың өкілдеріәріптестерінің қызмет ерекшелігімен жақынырақ танысу үшін бір-бірінің жұмыс орындарында болып, нақты жағдайлардағы өзара іс-қимылды пысықтай алады.
«Air Astana» мен «SCAT» авиакомпанияларының ұшқыштары Әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесі орталықтарында болып, ұшу қауіпсіздігіне бірден бір әсері бар шешім қабылдау процесімен тікелей таныса алады. Өз кезегінде, авиадиспетчерлер экипаж жұмысының ерекшелігін іс жүзінде түсіну үшінбақылаушы ретінде пилот кабинасына отырып, көкке көтеріледі.
Бұдан бөлек, шарт шеңберінде авиадиспетчерлерстандартты емес және авариялық жағдайлар үлгісін көрсететін толық функционалды авиациялықсимуляторда (FFS - Full Flight Simulator) ұшқыштардың жаттығуларына қатысады. БұлҚазаэронавигация мамандарына ұшқыштардың қатты стресс жағдайында жедел әрекет етуге арналған іс-қимыл алгоритмдерін тереңірек зерделеуге, сондай-ақ тараптар арасындағы жалпыөзара іс-қимыл деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
«Бұл жай ғана келісім емес, бұл қауіпсіздік мәдениетіне жасалған инвестиция. Ынтымақтастығымыз артқан сайын ұшу қауіпсіздігі де арта түспек. Авиадиспетчерлер мен ұшқыштар арасындағы мұндай өзара іс-қимыл еліміздің бүкіл азаматтық авиация жүйесіне оң әсерін тигізетініне сенімдіміз», - деп атап өтті өз сөзінде «Қазаэронавигация» РМК бас директоры Нұржан Ахметов.
Өзара іс-қимылдың жаңа форматы өзара байланыс орнату кедергілерін жойып, операциялық қателер қаупін азайтады, ұшу барысындағы ақпарат алмасу жылдамдығы мен дәлдігін арттырады.
Айта кетейік, 2024 жылы еліміздің әуе кеңістігінде "Қазаэронавигация" РМК мамандары 446 106 рейске қызмет көрсетті, оның ішінде 111 850 қазақстандық және 334 256 шетелдік авиакомпания.
Фото: Қазаэронавигация
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
