457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Сеулде Air Astana рейсі тоқтатылды: жолаушылар әуежайда қалып қойды

Қазақстандықтар Air Astana әуе компаниясының рейсі кешіккендіктен, Сеул әуежайында қалып қойды, деп хабарлайды Malim.kz «Ақ Жайық» сайтына сілтеме жасап.

Инчхон (Сеул) халықаралық әуежайында жолаушылар арасында онкологиялық ем қабылдап, елге оралып келе жатқан Атырау облысының тұрғыны Райымбек Даулбаев та болды.

Кесте бойынша ұшақ 11:00-де ұшуы тиіс еді, алайда алдымен рейс 16:00-ге шегеріліп, кейін мүлде келесі күнге ауыстырылды.

«Алдымен бізді еш түсіндірместен шығу есігінде ұстап тұрды. Тек бес сағаттан кейін ғана рейстің тоқтатылғанын хабарлады. Мұнда Air Astana өкілдері жоқ — олардың демалыс күні дейді», — деді жолаушы.

Куәгерлердің айтуынша, әуежай қызметкерлері ұшақтың шассилерін қарап шыққан, бұл техникалық ақаулардың барын меңзеуі мүмкін.

Жолаушылар ақпарат пен қолдаудың жоқтығына шағымдануда.

Фото: видеодан скрин