Қазақстан әскері Орталық Азиядағы үздік армия атанды

Еліміздің қарулы күштері 145 мемлекеттің ішінде 58-орынға жайғасқан

Malim Админ

  • 25.10.2024

Қазақ әскері Орталық Азияның үздігі. Global Firepower жаһандық рейтинге еліміздің қарулы күштері 145 мемлекеттің ішінде 58-орынға жайғасқан. Бұл  Қазақстан армиясының жетістігі. Қазір елдің қарулы күштерінде жаттығу жұмыстары жүріп жатыр.

Жаңа техника алынып, саннан гөрі сапаға мән берілуде. Жауынгерлік даярлыққа да басымдық берілген. Биыл ел әскерінің қауқарын арттыруға 7,5 млрд доллар бөлінген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11 пайызға көп. Сонымен қатар қарулы күштерді дамытудың тұжырымдамасы да бекітілді. Бұл құжат әскерді жан-жақты дамытуды көздейді.  ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Руслан Жангулиннің айтуынша, ұлттық қауіпсіздіктің 2020-2025 жылдарға арналған стратегиясы өзектендірілді. "Геосаяси жағдайдың өзгеруіне сәйкес Қарулы күштерді дамыту басымдықтары нақтыланып, оның құрылысы мен дамыту тұжырымдамасын түзету жұмыстары жүргізілді".

Егеменді елдің қарулы күштері 1992 жылдың 7 мамырында құрылған болатын. Әскери құрылымның болуы мемлекеттің қорғаныс саласындағы тәуелсіздігін білдіреді. Ел қалқаны – айбынды армияның қауқары жыл өткен сайын артып келеді. Офицерлер мен сарбаздардың жауынгерлік даярлығын арттыру мен жаңа техникалар алуға басымдық берілген.

 2026 жылы қарулы күштердің қатарын әуе тыныштығын күзететін 4 жойғыш ұшақ та алу жоспарланған. Жалпы биыл әскерилер 500-ден астам жаңа техникаға қол жеткізген.  Халифат орнатуды көздеген заңсыз қаруланған топ ел аумағына баса көктеп кірді. Лаңкестердің арам ойын жүзеге асыруға қазақ армиясына көмекке Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан әскерилері келіп, мықты тойтарыс берді. 5 мемлекеттің әскери контингенттері күш біріктіріп, арнайы операцияны орындады.

Бүгінде аумақтық қорғаныс мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалпы жүйесіне енгізілген. Осындай оң өзгерістердің арқасында қазір қазақ армиясы Орталық Азияның үздігі атанып отыр. Яғни, халықаралық Global Firepower рейтингі бойынша біздің әскер Әзербайжан, Өзбекстан, Түрікменстан және Қырғызстанның қарулы күштерін басып озған.

Фото: abai.kz

Байланысты жаналықтар

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

14.05.2025

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

13.05.2025

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

12.05.2025

"Украинаға жұмыс істейді". Ресейде әйел курткасы үшін "экстремизм" күдігімен ұсталды

12.05.2025

Италия өңірін азат етуде қаза болған 36 қазақстандық жауынгер туралы білесіз бе?

12.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

Бұдан бөлек, жоба жасанды интеллектті пайдаланудың кейбір түріне де тыйым салады

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

"Украинаға жұмыс істейді". Ресейде әйел курткасы үшін "экстремизм" күдігімен ұсталды

Италия өңірін азат етуде қаза болған 36 қазақстандық жауынгер туралы білесіз бе?