457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан мен Ұлыбритания әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды

Қазақстан мен Ұлыбритания қорғаныс ведомстволары арасындағы әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойылды, деп хабарлайды Malim.kz.

ҚР ҚМ Аппарат басшысы полковник Ербол Құмарбекұлының басшылығымен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің делегациясы Лондонда ресми сапармен болды.

Іс-шара барысында екіжақты әскери ынтымақтастықтың ағымдағы мәселелері және өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттары талқыланды.

Ұлыбританияның жоғары әскери оқу орындарында қазақстандық әскери қызметшілерді бітімгерлік, тілдік даярлау және оқыту негізгі бағыттар болып табылады.

Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі Қорғаныс министрлігі арасындағы 2025–2026  жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды.

Фото: gov.kz