Қазақстанда сотталғандарға тағы бір тыйым енгізіледі

Арман Қайыпхан

  • 19.02.2025

Қазақстанда бостандығы шектелген немесе шартты түрде сотталған адамдарға тағы бір тыйым енгізіледі, деп хабарлайды Malim.kz.

Тиісті түзетулер Мәжіліс депутаттары екінші оқылымда қабылдаған, денсаулық сақтау саласындағы артық заңнамалық реттеуді алып тастау мәселелері жөніндегі заң жобасына енгізілді.

Заң жобасын талқылау барысында депутаттар бостандығы шектелген немесе шартты түрде сотталған қазақстандықтардың құмар ойындарға қатысуына тыйым салу туралы түзетулер енгізді. Осылайша, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза өтеп жатқандар да бәс тігуге, казиноларға баруға және жалпы құмар ойындар ойнауға тыйым салынады.

Сонымен қатар құжатта букмекерлік кеңселер жарнамасына тыйым салу ұсынылды.

Жалпы заң жобасы денсаулық сақтау саласын жетілдіруге және артық заңнамалық реттеуді жоюға бағытталған құқықтық нормаларды қамтиды. Мысалы, онкологиялық ауруларды ерте анықтауға арналған скринингтік зерттеулерді кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында көрсетілетін қызметтер тізіміне енгізу ұсынылады.

Сондай-ақ медициналық қызмет көрсету нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактілерін қарастыратын тәуелсіз сараптама комиссиясын қалыптастыру механизмін жетілдіруге бағытталған түзетулер енгізілді.

Депутаттар заң жобасын мақұлдап, оны Сенаттың қарауына жіберді.

Фото: cdnuploads.aa.com.tr

Байланысты жаналықтар

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

16.04.2025

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025

Сот аумағынан қашқан күдікті ұсталды

14.04.2025

Жезқазғанда есірткі жарнамалаған ер адам сотталды

12.04.2025

"Есікті бұғаттап, шығармай қойған": Астанада қыздарға тиіскен такси жүргізушісі жауапқа тартылды

12.04.2025

Ыстамбұлдың экс-мэріне қатысты сот жазға қалдырылды

12.04.2025
MalimBlocks
Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Сот аумағынан қашқан күдікті ұсталды

Жезқазғанда есірткі жарнамалаған ер адам сотталды

Жезқазғанда ақшалай сыйақы үшін есірткіні жарнамалаған ер адам ұсталды

"Есікті бұғаттап, шығармай қойған": Астанада қыздарға тиіскен такси жүргізушісі жауапқа тартылды

"Есікті бұғаттап, шығармай қойған": Астанада жолаушы қыздарға тиіскен такси жүргізушісі 15 тәулікке қамалды

Ыстамбұлдың экс-мэріне қатысты сот жазға қалдырылды

Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоғлуна қатысты сот процестері биылғы жазға шегерілді