Қазақстанда заңсыз жұмыртқа импортына бақылау күшейтілді

ҚР Сауда және интеграция министрлігінде заңсыз жолмен әкелінген жұмыртқаларды сату және уақытша шектеу енгізілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының транзитіне бақылау мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Malim.kz.
Кеңесті Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков өткізді.
2025 жылғы 4 сәуірде Ауыл шаруашылығы министрінің №101 бұйрығымен ішкі нарықты қорғау мақсатында жұмыртқа импортына уақытша тыйым салынған болатын.
Кеңеске бірнеше мемлекеттік орган мен Құс өсірушілер одағының өкілдері қатысты. Олар заңсыз әкелінген жұмыртқалардың еркін сатылып жатқанын және бұл тұтынушыларға қауіп төндіріп, бәсекелестікке кері әсер етіп жатқанын атап өтті.
Айдар Әбілдабеков бақылау тетіктерін күшейту және уәкілетті органдардың өзара іс-қимылын арттыру қажет екенін жеткізді. Кеңес қорытындысында бірлескен бақылау шараларын жалғастыру туралы шешім қабылданды.
Фото: freepik.com


Ең көп оқылған
