Қартоп бағасы алмамен тең

Редактор Редактор

  • 21.01.2025

Қазақстанда картоптың бағасы екі есеге көтерілді, бір келі картоп 400-500 теңгеге жетті. Үкімет көрші елдерден картопқа сұраныс артып, бағаға сол әсер еткенін мәлімдеді. Сондықтан отандық кәсіпкерлер өз өнімдерін экспортқа шығарып жатыр деген нұсқасын айтады. Бұл мәселеге қатысты жағдайды тұрақтандыруға бағытталған қадамдар жасап, шаралар қабылдауға көшкен. Бұл жөнінде «Время» газеті жазды.

Көрші елдерден, әсіресе Өзбекстаннан артқан сұраныс пен биыл экспорт бағасының жоғары болуына байланысты картоптың экспорт көлемі 411 мың тоннадан 605 мың тоннаға, яғни бір жарым есеге өсті. Осыған байланысты ішкі нарыққа әсер етті. Өткен аптада экспорт 170 теңгеден 270 теңгеге күрт өсті, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі өткен жексенбіде.

Осы жағдайды тұрақтандыру үшін Үкімет ішкі нарықтағы картоп бағасын реттеу мақсатында аралық комиссия отырысында сыртқа картоп экспортын уақытша, 6айға дейін шектеу туралы шешім қабылдады. 16 қаңтардан бастап фитосанитарлық сертификаттар беру толықтай тоқтатылды.

Алайда бұл шара ЕАЭО елдеріне қатысты қолданылмайды, бірақ осы бағыттағы экспортты тиісті министрліктер, ауыл шаруашылығы, сауда және интеграция министрліктері қадағалап отырады.

Үкімет қабылдаған шаралар бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету, негізсіз қымбаттаудың алдын алу және нарық қатысушыларының спекулятивті әрекеттерін болдырмауға бағытталған. Сауда қызметіне қатысты заңнаманы бұзған жағдайда нарық қатысушыларына жедел шаралар қолданылатыны айтылды.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, қазір ішкі нарықтың толық қажеттілігін жабуға жетерлік картоп қоры бар. 19 қаңтардағы мәліметке сүйенсек, сауда желілеріндегі қорды есепке алмағанның өзінде 850 мың тоннадан астам қор бар: 600 мың тонна картоп картоп өсірушілер ассоциациясында, 68 мың тонна тұрақтандыру қорларында, 200 мың тоннадан астамы жеке қосалқы шаруашылықтарда сақтаулы.

2024 жылы Қазақстанда 2,9 млн тоннадан астам картоп өндірген. Өткен жылы 56 мың тонна картоп импортталған.

Саудаға шығатын картоп көлемі тамыз айында 2,6 млн тоннаны құрады, ал халықтың жалпы қажеттілігі 1,5 млн тоннаға жуық болды. Тамыздан желтоқсанға дейін қазақстандықтар 844 мың тонна картоп тұтынды, 620 мың тоннасы экспортталды (өткен жылдың қаңтарынан желтоқсанына дейін). Биыл қаңтар-сәуір айларында тұтынудың болжамды көлемі 675 мың тоннаны құрайды.

Фото: Владимир Зайкин

Байланысты жаналықтар

Картоп бағасын көтеру бойынша 49 заңбұзушылық анықталды – Сауда министрлігі

22.01.2025

Картоп экспортына 6 айға шектеу енгізілмек

21.01.2025

Негізгі азық түрлері соңғы 2,5 жылда қатты қымбаттаған

17.01.2025

Олжас Бектенов экспортқа бағытталған өндірістерді қолдау шаралары бойынша кеңес өткізді

18.10.2024

Қазақстан бидайы Қытайға экспортталады

07.10.2024

Ресейден заңсыз кіргізілмек болған 171 тонна картоп кері қайтарылды

21.09.2024
MalimBlocks
Картоп бағасын көтеру бойынша 49 заңбұзушылық анықталды – Сауда министрлігі

Министрлік қазір картоптың елдегі орташа бағасы 322 теңгеге түскенін мәлімдеді

Картоп экспортына 6 айға шектеу енгізілмек

Бұл елдегі картоп тапшылығының алдын алу үшін қажет

Негізгі азық түрлері соңғы 2,5 жылда қатты қымбаттаған

Әсіресе, картоп пен күнбағыс майы бағасы шарықтаған

Олжас Бектенов экспортқа бағытталған өндірістерді қолдау шаралары бойынша кеңес өткізді

Премьер-министр Олжас Бектенов экспортқа бағытталған бизнес өндірістерді мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес өткізді.

Қазақстан бидайы Қытайға экспортталады

Арпа және жемшөп дақылдары – бүкіл Қытай бойынша экспортталады

Ресейден заңсыз кіргізілмек болған 171 тонна картоп кері қайтарылды

Шекарада екі күнде 12 заңбұзушылық анықталған