Ресей Қазақстан арқылы микрочип тасып жатыр  

Ресейге құны 3,7 миллион доллар болатын микрочип сатқан

Malim Админ

  • 06.03.2023

Ресей санкцияны айналып өтіп, Еуропадан микрочиптер сатып алып жатқан болуы мүмкін. Azattyq.org  Еуропадағы жоғары лауазымды дипломаттарға сүйенген Bloomberg агенттігінің дерегін келтіреді.  Ресейдің сауда-саттық жасауына санкцияға қосылмаған Қазақстан, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері сияқты үшінші елдер қол ұшын созып  жатыр.

Bloomberg дереккөзіне сенсек, Еуроодақ пен «Үлкен жетілік» елдерінің санкциясына қарамастан, Ресейдің импорт көлемі соғысқа дейінгі кезеңге жақындап қалған. Ресейге Азия елдерінен, оның ішінде Қытайдан да импорт тауар көлемі артқан.

Женевада шоғырланған Сауда мәліметтеріне мониторинг жүргізу халықаралық агенттігінің дерегінше, Қазақстан 2022 жылы Ресейге құны 3,7 миллион доллар болатын микрочиптер мен жартылай өткізгіштер сатқан. 2021 жылы бұл көрсеткіш небәрі 12 мың доллар болған.

Соғыстан бұрын Ресейге Еуроодақ, АҚШ, Ұлыбритания және Жапониядан жыл сайын құны шамамен 163 млн доллар болатын электрон бөлшектер тасымалданған. 2022 жылы бұл көрсеткіш 60 млн долларға дейін азайған. Есесіне Ресей Қазақстан, Түркия, Сербия және БАӘ-ден электрониканы жиі тасымалдай бастаған. Аталған елдердің өздері электроника өндірмейді. 2022 жылы бұл елдер Ресейге санкция салған елдерден осындай тауар түрін көптеп сатып ала бастаған.

Бұған дейін «Еркін Ресей» қоры ресейлік кеден мәліметтерін талдап,    2022 жылы БАӘ-ден Ресейге электрон бөлшектер экспорты 7 есе ұлғайып, 238 млн долларға жетті деп мәлімдеген. Ал чиптер экспорты 15 есе артып, 24,3 млн долларды құраған.

Өткен аптада АҚШ, Еуроодақ және Ұлыбритания БАӘ-ні Ресейге қайта тауар экспорттауды тоқтатуға, әсіресе Украинамен соғысты жалғастыруға пайдаланылатын электрониканы бермеуге шақырған.

Фото: wroom.ru  

Байланысты жаналықтар

Мәскеуде танымал стендап-комик Нұрлан Сабуров ұсталды

19.05.2025

Сарапшы: мектептер ерекше балаларды қабылдауға дайын емес

19.05.2025

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай тез төмендеткен он елдің қатарына кірді

19.05.2025

Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

19.05.2025

Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

18.05.2025

Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

18.05.2025
MalimBlocks
Мәскеуде танымал стендап-комик Нұрлан Сабуров ұсталды

Сарапшы: мектептер ерекше балаларды қабылдауға дайын емес

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай тез төмендеткен он елдің қатарына кірді

Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

Шетелдік капитал иелері алдымен Қазақстанның соңғы жылдардағы сыртқы іскерлік байланыстарына назар аударады

Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды