Олжас Бектенов: Импорттық тауарларды сатып алуды доғару керек

Премьер-Министр отандық шикізат пен материалдарды пайдалану бойынша ірі мердігер компаниялардың міндеттемелеріне мониторинг жүргізудің пәрменді тетігін әзірлеуді тапсырды.

Malim Админ

  • 13.08.2024

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов отандық шикізат пен материалдарды пайдалану бойынша ірі мердігер компаниялардың міндеттемелеріне мониторинг жүргізудің пәрменді тетігін әзірлеуді тапсырды.

«Жұмыстар мен қызметтердің конкурсын жеңіп алған мердігер компаниялар қазақстандық өнімдер бола тұра, импорттық тауарларды сатып алуын жалғастырып келеді. Мұны доғару керек. Өнеркәсіп министрлігіне мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, отандық шикізат пен материалдарды пайдалану бойынша ірі мердігер компаниялардың міндеттемелеріне мониторинг жүргізудің пәрменді тетігін әзірлеуді тапсырамын», - деді Олжас Бектенов.

Үкімет басшысының атап өтуінше, отандық фармацевтика саласын дамытудың маңызы зор.

«Осы жылдың бірінші жартыжылдығында еліміздің фармацевтика өндірісі 14,5 пайызға ұлғайды. Алайда, саладағы әлеует бұдан әлдеқайда жоғары. Денсаулық сақтау министрлігіне осы көрсеткішті жыл соңына қарай одан әрі ұлғайтып, шығарылатын препараттардың көлемі мен тізбесін кеңейту жұмысын жүргізуді тапсырамын. Сондай-ақ, фармацевтика өнімін сатып алудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін медициналық ұйымдардың электрондық сатып алу жүйесіне көшуін тездету қажет», - деді ол.

Сонымен қатар Премьер-Министр бүгінде мұнай-газ өнеркәсібі үшін өндірістің жаңа түрлерін игеру бойынша 65 меморандум бекітілгеніне тоқталды.

«Оларды қазірден бастап офтейк-келісімшарттарға трансформациялау қажет. Энергетика министрлігі қыркүйек айының соңына дейін ірі мұнай-газ компаниялары мен қазақстандық өндірушілердің арасында ұзақ мерзімді келісімшарттардың кепілді түрде жасалуын қамтамасыз ете отырып, тиісті жұмыс жүргізуі қажет», - деді Үкімет басшысы.

Фото: primeminister.kz

Байланысты жаналықтар

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

17.05.2025

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

17.05.2025

Олжас Бектенов Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

16.05.2025

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025

Бектенов ұшқыш Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

09.05.2025

Қазақстанның онлайн-платформадағы ұлттық павильондары қалай жұмыс істейді?

05.05.2025
MalimBlocks
Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

Жасанды интеллект пен Big Data-ны пайдалану арқылы егістік алқаптары мен мал шаруашылығын тиімді басқаруға мүмкіндік туды

Олжас Бектенов Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

Бектенов ұшқыш Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Қазақстанның онлайн-платформадағы ұлттық павильондары қалай жұмыс істейді?