Қазақстанда жемқорлардың туыстарының мүлкін тәркілеу ұсынылды

Сұлу Бөлек

  • 19.05.2025

Қазақстанда жемқорлардың туыстары мүлікті заңды жолмен алғаны дәлелдей алмаса, мүлікті тәркілеу ұсынылды. "Кеңейтілген тәркілеу" деп аталатын бұл норманы енгізуді Мәжіліс депутаты Марат Башимов ұсынып, бас прокурор Берік Асыловқа ресми хат жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы Башимов Facebook парақшасында жазды.

"Жақында Мәжілісте ақшаны жылыстатуға қарсы күрес туралы маңызды заң жобасы бірінші оқылымда қаралады. Мен оған халықаралық FATF ұйымы (ақшаны жылыстатуға қарсы қаржы шараларын әзірлеу тобы – еск.) ұсынған 100-ден аста түзетулер мен құқықтық нормаларды енгіздім. "Кеңейтілген тәркілеу" институты еліміз үшін ерекше маңызды. Дүниежүзінде дәл біздегідей көп ұрланған жоқ. Сондықтан бұл мәселе бойынша Бас прокурор Берік Асыловқа қолдау көрсету туралы хат жаздым", – деді депутат.

Оның айтуынша, көп елдің заңнамасына FATF-тың ұсынымдары енгізілген, бірақ Қазақстанда "барлық деңгейдегі, әсіресе олигархтарға жақын лоббистер бұл процесті тежеп келді".

"Қазір бұл норма болмағандықтан және активтер үшінші тұлғаларға аударылып қойғандықтан, көп адам жауапкершіліктен сытылып кетіп жатыр, олардың мүлкі толық тәркіленбейді. Ал сотталған адам тыныш жата береді, өйткені үшінші тұлғаларға, туыстарына, көңілдестеріне жазып қойған дүниесі алынбайтынын біледі. Ертең сол активтер мен ақшаны рахаттанып пайдаланбақ", – деп түсіндірді Башимов.

Кеңейтілген тәркілеу тек заңды жолмен алынғанын дәлелдей алмаған мүлікке ғана қолданылмақ.

"Ұсынылып отырған механизм мынадай: қылмыстық іс қозғалған адамнан қалған мүлкінің заңды екенін дәлелдеуді талап етеді. Егер ол дәлелдей алмаса – ол тәркіленеді", – деп нақтылады мәжілісмен.

Айта кетейік, былтыр Қазақстанда алғаш рет "түсініксіз байлық" туралы сот шешімі орындалған болатын. Нәтижесінде бір қазақстандықтан заңсыз жолмен келген 10 миллион доллардан аса қаржы тәркіленді.

Фото: Lexus

Байланысты жаналықтар

ЖЭС-тің ақшасын желге ұшырған шенеунік сотталды

14.05.2025

Құны 100 млн теңгеден асады: тәркіленуге тиіс көлік тоналған

05.05.2025

Білім саласының тағы 11 қызметкері жемқорлық үшін сотталды

15.04.2025

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

14.04.2025

Тоқаев Антикор басшысына бірқатар тапсырма берді

10.04.2025

Қазақстан футболындағы дау: 3 млрд теңге қайда жұмсалды?

27.03.2025
MalimBlocks
ЖЭС-тің ақшасын желге ұшырған шенеунік сотталды

Ұрлық жалған келісімшарттармен және аффилирленген компанияларға ақша аудару арқылы жасалған

Құны 100 млн теңгеден асады: тәркіленуге тиіс көлік тоналған

Білім саласының тағы 11 қызметкері жемқорлық үшін сотталды

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

Тоқаев Антикор басшысына бірқатар тапсырма берді

Қазақстан футболындағы дау: 3 млрд теңге қайда жұмсалды?

Бас прокуратура Қазақстан футболында бұрынғы федерация басшылығы кезінде жасалған бұзушылықтарды анықтады