Қазақстандағы ең үлкен отбасы. Бір үйде 55 бала өсіп жатыр

"Бала асырап алу үшін қомақты ақша керек емес" дейді Шүкіров

Malim Админ

  • 26.09.2024

Қостанайдың Лисаков қаласында тұратын Шүкіровтер отбасында 55 ұл-қыз бар. Рустам мен  Муазамма бүлдіршіндерді балалар үйінен 2017 жылдан  асырап ала бастаған. Бүгінде бұл шаңырақ «Қазақстандағы ең үлкен отбасы» саналады. Бұл туралы «Таңшолпан»  бағдарламасында айтылды.    

«Бала асырап алғанға дейін, біздің 3 перзентіміз шетінеп кетті. Дәрігерлер сәбилі бола алмайсыңдар деді. Содан кейін балалар үйіне 2-і бала асырап алуға барғанбыз. Шығарда 5 ұл-қызды жетектеп шықтық. Барғаннан кейін бәрін алып кеткіміз келді. Өзіміз де көпбалалы үйден шыққанбыз», - дейді Рустам Шүкіров.

Отағасы Рустам Шүкіров 20 жылдан астам уақыт жеке кәсіппен айналысады. Ал Муазамма Мансұрова үйде балаларды тәрбиелеп отыр.  

Үйдің кенжесі Эмиль 3 жаста. Ересектері мектеп бітіріп, қалаға оқуға кеткен. Мереке күндері бәрінің басы қосылып, шат-шадыман болады. Балалардың арасында компьютерді үздік меңгергендері де бар. Оқу үлгерімдері де жақсы. Бір-біріне  көмектесіп, үйге берілген тапсырманы мұқият орындайды. Ал үйдің еркесі Әзиза, биыл бірінші сыныпқа барды. 

Балалар 30 литрлік қазаннан тамақтанады. Ұл-қыздардың әкесі Рустамның айтуынша,   көп адам  бала асырап алу үшін қомақты ақша керек деп ойлайды.  «Біз үшін10 үлкен мәселе болса, қаражаттың жетіспеушілігі 8 -ші орында. Жәрдемақыға қол жеткізу мақсатында асырап алды дегендер де болды. Бастысы біз бақыттымыз. Мен қалай дұрыс тәрбие беремін деп жиі ойланамын. Оның оқуы, денсаулығы, қоғаммен байланысы көбірек толғандырады»,- дейді ол.   

Шүкіровтер шаңырағы «Мерейлі отбасы» ұлттық  байқауының облыстық кезеңінде бас жүлдеге ие болған.Енді олар Астанада өтетін республикалық жарысқа қатысады. 

Фото: Ашық дереккөз  

Байланысты жаналықтар

Қостанайда тұрғын үйден өрт шықты

06.04.2025

Қате диагноз қойылды: ата-ана баласының өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр

06.04.2025

Қалаларда құрылыс материалдарының бағасы күйіп тұр

06.04.2025

Қостанай – Алматы бағытындағы пойыз өртенді

22.03.2025

Турагентке сеніп саяхатсыз қалған елуден аса қостанайлық полицияға шағымданды

23.01.2025

Қостанайда қоғамдық көлікті жүргізуші мас күйінде айдаған

15.01.2025
MalimBlocks
Қостанайда тұрғын үйден өрт шықты

Қостанайда тұрғын үйден өрт шықты. ТЖМ қызметкерлері 6 адамды құтқарып, 8 адамды эвакуациялады

Қате диагноз қойылды: ата-ана баласының өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр

Қостанайда 7 жастағы қыздың ата-анасы дәрігерлерді баласының өліміне кінәлап отыр

Қалаларда құрылыс материалдарының бағасы күйіп тұр

Кірпіш бағасы еліміз бойынша ең қымбат, яғни, 500 данасы орта есеппен 75 000 теңге тұрады

Қостанай – Алматы бағытындағы пойыз өртенді

Турагентке сеніп саяхатсыз қалған елуден аса қостанайлық полицияға шағымданды

Олардың жалпы шығыны 40 млн теңгені құраған

Қостанайда қоғамдық көлікті жүргізуші мас күйінде айдаған

Көлік айып тұрағына қойылды. Өзі қамауға алынуы мүмкін