Қазақстандағы су тасқыны: 4,7 мыңға жуық адам эвакуацияланды

Еліміздің бірнеше өңірінде су тасқынына қарсы шаралар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Malim Админ

  • 29.03.2024

Су тасқыны кезеңі басталғалы бері Түркістан, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Абай, Ақмола облыстарында 4 694 адам, оның ішінде 1 682 бала құтқарылды және эвакуацияланды. Бұл ретте тартылған әуе кемелерімен 447 адам, оның ішінде 180 бала эвакуацияланды, - делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

ТЖМ және әкімдіктердің күшімен 2,3 млн м3 астам еріген су сорылды, 162 мыңнан астам қапшық және 31 587 тонна инертті материал төселді.

Авариялық-құтқару жұмыстарына 6349 адам, 2192 бірлік техника, 689 бірлік су айдау құралы және 55 бірлік жүзу құралы, ТЖМ, Қорғаныс министрлігі, ІІМ, ҰҚК, ҰҰ, жергілікті атқарушы органдардың 12 әуе кемесі жұмылдырылды. 

«Жедел желі» телефондарына 392 қоңырау келіп түсті, еліміздің 12 өңірінде республикалық және облыстық жедел штабтар жұмыс істейді.

Еліміздің 7 өңірінде 435 жеке тұрғын үй мен 329 аула аумағы, сондай-ақ Ақтөбе облысында 75 саяжай үйі мен 9 ғимарат, көпқабатты тұрғын үйлердің 12 ауласы, Ақмола облысында балабақша мен ТЖ ауруханасы су астында қалып отыр, - делінген хабарламада.

Бақылауда 18 автожолды су шайды, оның ішінде 4 көпір және 14 жол төсемі бар. 26 елдімекенде көлік қатынасы жоқ.

Фото: ТЖМ

Байланысты жаналықтар

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

16.04.2025

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

16.04.2025

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

16.04.2025

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

16.04.2025

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

16.04.2025

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

16.04.2025
MalimBlocks
Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

Депутат Дәулет Мұқаев бұған дейін тұсау кесемін деп хабарландыру жариялағаны үшін сынға қалған. Ол хабарландыруды не үшін таратқанын Мәжіліс кулуарында бұл жолы журналистерге түсіндіріп беруге тырысты

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

2025 жылы еліміз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтеді.