Қазақстандық десантшылар Үнді джунглиіне аттанды

Арман Қайыпхан

  • 19.12.2024

Әлемге әйгілі көтерілісшілерге қарсы күрес және джунглидегі соғыс қимылдары мектебінің базасында ұйымдастырылған курсқа Қарулы күштердің Десанттық-шабуылдау әскерлерінің 15 әскери қызметшісі қатысуда, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқу орны әскери академия мәртебесіне ие және дәстүрлі емес соғыстар кезінде жауынгерлік әрекеттерді зерттеуге және оқытуға мамандандырылған. Ол Джунгли жағдайында көтерілісшілермен және партизандармен күресу үшін үнді әскери қызметкерлерін дайындайды.

Келгеннен кейін мектеп нұсқаушылары бізді курс бағдарламасымен таныстырды. Біздің топпен өткізілетін сабақтарда көтерілісшілердің шағын топтарын қудалау және торуыл ұйымдастыру бойынша іс-шаралар пысықталды. Практикалық оқыту күндіз-түні Джунгли жағдайында жүргізіледі, – деді Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының басқарма офицері капитан Виталий Стефанович.

Оқыту дәрістер, пікірталастар, жағдайлық зерттеулер жүргізуді көздейді. Дене шынықтыруға, рефлекторлық атуды дамытуға және тактикалық әдістерді игеруге көп көңіл бөлінеді.

Тығыз өсімдіктер, шектеулі көріну және тұрақты қауіп-қатер жағдайында жаттығу кезінде әскери қызметшілерге тірі қалуға ғана емес, сонымен бірге ұрыс қимылдарын жүргізуге де үйретіледі. Практикалық іс-шараларға террористердің имитациялары бойынша жауынгерлік оқ-дәрілерді ату кіреді. Бұл нақты ұрыс жағдайларын қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, білім алушылар төтенше жағдайларда әрекет етуге және жергілікті тұрғындармен байланыс орнатуға мүмкіндік беретін психологиялық дайындықтан өтеді.

Мүлдем бейтаныс климаттық және географиялық жағдайлар Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілеріне ұрыс қимылдарын жүргізудің жан-жақты тәжірибесін береді.

Бұл Үндістанның әскери қызметшілерімен бірлесіп өткізілген биылғы екінші жаттығу. Мәселен, қазан айында "Сурья" оқу орталығының базасында "ҚазҮнді-2024" оқу-жаттығуы өтті. Оған "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы мен Десанттық-шабуылдау әскерлері әскери қызметшілерінің құрамынан құралған бірлескен рота қатысты.

Қазақстан мен Үндістанның қорғаныс ведомстволарының екіжақты ынтымақтастығы шеңберінде ұйымдастырылған іс-шара 30 желтоқсанға дейін жалғасады.

Фото: Қорғаныс министрлігі

Байланысты жаналықтар

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

08.05.2025

Трамп АҚШ-тың әскери бюджетін 1 триллион долларға дейін арттырмақ

02.05.2025

Әскер рейтингі: Өзбекстан Қазақстанды басып озды

30.04.2025

Министр әскерде соққы алған Ербаян Мұхтардың жағдайын айтты

29.04.2025

Қазақстандық десантшылар парадқа қатысу үшін Мәскеуге аттанды

26.04.2025

АҚШ Шығыс Еуропадағы 6000 сарбазын ауыстырады

21.04.2025
MalimBlocks
Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

Өнер иесі өзінің запастағы кіші сержант екенін атап өтті

Трамп АҚШ-тың әскери бюджетін 1 триллион долларға дейін арттырмақ

Әскер рейтингі: Өзбекстан Қазақстанды басып озды

Министр әскерде соққы алған Ербаян Мұхтардың жағдайын айтты

Қазақстандық десантшылар парадқа қатысу үшін Мәскеуге аттанды

АҚШ Шығыс Еуропадағы 6000 сарбазын ауыстырады